Теріс ағымның қармағына ілінбейік Өркениет көші ілгері жыл-жыған сайын жалпыадамзаттық, мәдени, діни құндылықтарға кереғар факторлардың да қарасы қалыңдай түсетінін уақыт дәлелдеді. ХХІ ғасырдағы мемлекет басшылары, саясаткерлер мен дін қайраткерлері деңгейіндегі үлкен жиындарда, самиттерде, конференцияларда ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі – діни экстремизм.
Он екі қасиет
Общество   02.12.2022   312
Ұлы Димекеңнің өмірінде және қызметінде «2», «12», «22» деген сандарға байланысты тылсым, сыры жұмбақ жағдайлар өте көп. Дінмұхамед Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда дүниеге келді. 82 жасына қараған шағында 22 тамыз күні (1993) дүние салды. Өмірінде үлкен қызметке келуі тағы «2» санымен байланысады.
Қазіргі қоғам және дәстүрлі дін
Духовность   22.04.2022   3639
Қазіргі таңда жастар арасында дінге бет бұрушылық көптеп байқалады. Оны мешітке барсақ та, достарымыздың арасында да көп аңғарамыз. Елімізде орын алған «Қаңтар» оқиғасына қатысушылардың басым бөлігі де сол жас буын болғаны баршамызға мәләм. Осы орайда жастардың жат діни ағымдар жетегінде кетпеуін қамтамасыз ету, діни сауаттылығын арттыру мақсатында бірталай жұмыстар атқарылуда.
Дін мен қазақы дәстүр-салттың сабақтастығы
Духовность   08.04.2022   3289
Ғұн, үйсін, қаңлы, қыпшақ, сақтарданмын, Дүркіретіп жердің жүзін басқарғанмын. Дінім ислам, салт-дәстүрім, тілім де бай, Сан ғасыр, аттап өттім асқардан мың.
Қазақ тілі – қазақ халқының бірегей құндылықтарының бір
Духовность   08.04.2022   3183
Қазақ халқы қашаннан өзіне тән ұлттық ерекшеліктері мен құндылықтарының құнын түсірмей ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, бүгінгі заманымызға жеткізді. Бабалардан мирас болған осы бір бірегей болмысымыздың бүлдіргесін бүлдірмей, құндылығымызды қадірлеу қазіргі қазақтардың қаперден шығармауға тисті қағидаларының бірі екені белгілі.
ЗАЙЫРЛЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЗАҢЫ МЕН ИСЛАМ ДІНІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ХАҚЫНДА
Духовность   08.04.2022   2943
Біз зайырлы елміз. Дін мен мемлекет бөлінген. Діни жұмыстар мемлекеттік істерге килікпейді. Бір сөзбен айтқанда, заңсыздықтар орын алмаған жағдайда мемлекет діни істерге араласпайды. Алайда бақылауға, құқылы. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы 3-бабының 1-тармағында: «Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген», – деп, 3-тармағында: «Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді», – деп, 4-тармағында: «Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады», – деп дін мен мемлекеттің ара қатынасы ашық та түсінікті түрде атап айтылған.
«ЖИҺАД» ЖАЙЛЫ ИСЛАМ ДІНІ МЕН ЗАҢЫМЫЗ НЕ ДЕЙДІ?
Духовность   08.04.2022   3004
Өзгені өлтірудің Құдайдың алдында қаншалықты қасіретке қалдыратынын айтып Пайғамбарымыз (с.ғ.с) көптеген өсиеттер қалдырған екен. Бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : «Ешқайсың бауырыңа қару кеземеңдер, өйткені, ол қолын шайтан билеп, тозақ шұңқырына түсіп қалуы мүмкін екенін білмейді», – десе, Құрани кәримнің «Ниса» сүресі 29-30-аяттарында: «Бір-біріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге ерекше мейірімді. Ал, кім осы айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз», – деп ескертеді.
Дін – тәрбиенің рухани тірегі
Духовность   18.03.2022   2033
Дүние жүзіндегі барлық адамзат қандай да бір сенімге әртүрлі жолмен табынып, қадір тұтып өмір сүреді, бір сөзбен айтқанда, түрлі діндердің қағидаттарына бағынады. Әр халықтың ұстанған діндері олардың өмір сүру қалпы мен мәдениетіне әсер етеді. Діннің қалыптасуы сол халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне үйлесіп дамып жетіліп отырады.
Дін және зайырлы қоғам
Духовность   25.02.2022   2585
«Қазақстан-2050» стратегиясында: «Біздің мемлекетіміздің зайырлы келбеті – Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты. Мұны Қазақстанның қазіргі және болашақ саясаткерлері, барлық қазақстандықтар айқын түсінуге тиіс»,– деп атап көрсетілген.
Ынтымақ түбі – игілік
Духовность   25.02.2022   982
Әрбір мұсылманның тілегі де, арманы да елінің тыныштығы, бейбітшілігі мен бірлігін, ынтымағын сақтау екені айтпаса да баршамызға аян. Олай дейтініміз, ынтымағы жарасқан бейбіт өмір сүру, баршамызға ортақ – береке, бақыт, бірліктің болуы болашақта өрлеу, өркендеу, дамуға жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» деп бекер айтпаған.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.