Қазіргі қоғам және дәстүрлі дін

Қазіргі таңда жастар арасында дінге бет бұрушылық көптеп байқалады. Оны мешітке барсақ та, достарымыздың арасында да көп аңғарамыз. Елімізде орын алған «Қаңтар» оқиғасына қатысушылардың басым бөлігі де сол жас буын болғаны баршамызға мәләм. Осы орайда жастардың жат діни ағымдар жетегінде кетпеуін қамтамасыз ету, діни сауаттылығын арттыру мақсатында бірталай жұмыстар атқарылуда.
Қазіргі қоғам және дәстүрлі дін

Жастарды теріс бағыттағы діннен қорғаудағы ең басты қаруымыз, ол ұлттық дәстүріміз, ұлттық санамыз деп білемін. Қазақ халқы қашанда дінін дәстүрінен, дәстүрін дінінен ажыратпай қатар ұстанған. Сол ата-баба салты, әдет-ғұрпы батыстық сананың көлеңкесінде қалып бара жатқан тәрізді. Жастардың қазіргі таңдағы ұстанымы, санасы, оларды жетелеген мақсат-мұраттары осыған дәлел. Даму, өркендеу, Мемлекет басшысы айтқан «Жаңа Қазақстанды» құру жолында батыстан аларымыз, үйренеріміз бар шығар, алайда өркениет жолында салт пен сананы, дін мен дәстүрді тәрк ету орынсыз болар. Кешегі жетпіс жылдық кер заманның салт-дәстүрге, тілге, дінге тигізген зардаптарынан енді ғана ес жиып, қайтадан қалпына келтіруге тырысып жатқан мына заманда жат діннің, жат батыстық идеологияның жастар санасын улап, кесапаты мен кесірін тигізіп тұрғаны да шындық, ақиқат. Бұл қоғамдағы дертке айналып отырған лаңкестердің, дінсіздердің, қызтекелер мен еркекшоралардың пайда болуына әкеп соқты.

Кешегі қылышынан қан тамған кеңес одағы кезінде де ата-бабамыз салты мен дәстүрін, тілі мен дінін сақтап, бізге асыл мұра қылып аманат етіп табыстады.
Қазақ халқы аманатқа қиянат жасамай, көзінің қарашығындай сақтап, әрқашан сөзге адал, іске берік болған. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ұлт болып, ел болып бұл қоғам дертінен де құтылатынымызға сенімім кәміл.

Мағжан Жұмабаев атамыз:

«Арыстандай айбатты,

жолбарыстай қайратты,

қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!»

– демекші, еліміздің өркендеп-дамуына, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті мемлекет болып қалыпта-суына жастардың қосар үлесі зор.

Әбілмансұр БОЛАТБЕКОВ,

Текелі қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.