МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ ИШЕМИЯЛЫҚ ИНСУЛЬТ  АЛҒАН ПАЦИЕНТТЕРДІ ОҢАЛТУ

МӘМС шеңберінде «Нұр» ортохирургия медициналық орталығында артқы ми артериясының ишемиялық инсультін үш рет бастан өткерген пациент ми қан айналымының жіті бұзылуының (ОНМК) қайталама профилактикасынан өтуде.
МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ ИШЕМИЯЛЫҚ ИНСУЛЬТ  АЛҒАН ПАЦИЕНТТЕРДІ ОҢАЛТУ

МӘМС шеңберінде ОНМК бастапқы профилактикасы артериялық гипертензия, ми тамырларының отосклерозы, қант диабеті және басқа да фондық аурулары бар пациенттерге жүргізіледі. Ал ишемиялық инсульттан кейін пациентте қайтадан инсульт болмауы үшін қайталама профилактика тұрақты негізде стационарлық тәртіппен жүргізіледі. 
Мамандардың айтуынша, бұл алдын алу шаралары инсультпен ауыратын науқастар үшін өте маңызды.
«8 жыл ішінде үш рет ишемиялық инсульт алған 67 жастағы науқас жылына 2-3 рет қайталама профилактика алады. Емдеу курсына тамырлы ноотропты, витаминді, гипертензияға қарсы және антиагрегантты терапия, физиотерапия, аяқ-қол массажы, физиотерапия және кинезиотерапия кіреді. Айта кету керек, пациенттерге барлық қызметтер МӘМС шеңберінде ұсынылады және олар бізге емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жолдама бойынша келеді», -дейді невропатолог Салтанат МЫҚТЫБАЕВА.
Бірнеше жылдан бері медициналық орталықтың қызметтерін пайдаланып келе жатқан пациент те нәтижелерге риза.
«Инсульт алғаннан кейін мен бұл өте қиын ауру екенін білдім. Дәрігерлердің де, отбасымның да ерекше назарын қажет ететін сырқат екенін түсіндім. Бұл орталықта мен жылына екі рет жоспарлы ем аламын. Инсульттан кейін менің денемнің оң жағының сезімталдығы аздап жоғалды, бірақ дәрігерлердің тиісті күтімі мен барлық қажетті емнің арқасында мен қазір өзімді жақсы сезінемін. Өмір сапасы нашарлаған жоқ, ауру тіпті менің жұмысыма да қатты әсер еткен жоқ», - дейді науқас Мұса БИСЕНҚҰЛОВ.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.