МӘМС: САУДА ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ОСМС   03.09.2024   519
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жетісу облыстық филиалы Талдықорған қалалық емханасымен бірлесіп «City Plus», «Атамекен», «Мактуб» сауда ойын-сауық орталықтарында «Денсаулық бұрышын» ұйымдастырды.
ҚОР ҚЫЗМЕТІН ЦИФРЛАНДЫРУ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ҮШІН СИТУАЦИЯЛЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫН ІСКЕ ҚОСТЫ
ОСМС   27.08.2024   520
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтердің ауқымды деректерін есепке алу және талдау үшін цифрлық құралдарды енгізуде. Қор басшысы Әбілқайыр Сқақов журналистерге Ситуациялық-талдамалық орталығының жұмысын таныстырып өтіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Панфилов ауданында күрделі оталар жасала бастады
ОСМС   26.08.2024   512
Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасының мамандары облыс деңгейінде жасалатын күрделі оталарды жасауды қолға ала бастады. Аурухананың травматология бөлімінде бұрын соңды жасалмаған кіші инвазивті емдеу тәсілі бойынша жасалатын жабық түрдегі «ИНТРАМЕДУЛЯРЛЫ-БЛОКТЫ ОСТЕОСИНТЕЗ» отасы жасалды. Осы уақытқа дейін аталған ота түрі тек облыстық және республикалық деңгейдегі ауруханаларда жасалатын. Аурухана директоры Айдын Молдашұлы ота жасауға қажетті соңғы үлгідегі травматологиялық ортопедиялық аппаратуралар мен құрал-жабдықтар 2024 жылдың шілде айында Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқарамасының қолдауымен 59 млн теңгеге сатып алынғанын айтты.
Қор міндеттерінің бірі - пациенттермен кері байланысты бақылау
ОСМС   23.08.2024   660
Бүгін редакциямызда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев. Спикер халықты толғандырған жүйе аясындағы өзекті сауалдарға жауап беріп, мәселенің күрмеуін тарқатпақ.
Қор өзінің медициналық көмекке ақы төлеу жүйесін іске қосты
ОСМС   21.08.2024   520
«Е-Saqtandyry» АЖ қысқа мерзімде әзірленіп іске қосылды және Қордың негізгі қызметін цифрландыру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
АЗАМАТТАРДЫҢ МӘМС ҮШІН ТӨЛЕГЕН АҚШАСЫ ҚАЙДА КЕТЕДІ?
ОСМС   20.08.2024   455
Менің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандаруға аударған жарналарым қайда, Қорға қанша ақша жиналды, емханаға бармасақ ақшаларымыз күйіп кете ме? Бұл сұрақтар әлеуметтік желіде жиі қойылады. МӘМС жүйесі 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанына және оны енгізу туралы ақпарат үнемі жарияланып тұрғанына қарамастан, азаматтардың көпшілігі әлі күнге дейін жарналар мен аударымдар қайда кететінін аңғармайды. Бұл сауалдарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жауап берді.
Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді
ОСМС   19.08.2024   414
Елордада Жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл марапат елімізде биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Жеті аталым бойынша өткен конкурсқа 700-ден аса азамат қатысуға ниет білдірген. Нәтижесінде әр номинациядан екі жеңімпаз марапатталған. Үздік деп танылғандар қатарында облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының аға фельдшері Дархан Бақыткелді де бар.
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР МӘМС ҮШІН ТӨЛЕУ КЕРЕК ПЕ?
ОСМС   13.08.2024   437
Сақтандырылған мәртебесін алу үшін азаматтар өткен 12 айға немесе алдағы 12 айға жарна төлеуі тиіс. Сондай-ақ, жеңілдік санаттарына кіретін адамдарға мемлекет жарна төлейді. Ал әскери қызметшілер МӘМС төлемдерінен босатылған. Бұл ретте олар МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін қалай ала алады?
Офтальмолог-дәрігер: көз аурулары МӘМС есебінен тегін емделеді
ОСМС   13.08.2024   422
Қазақстанда жыл сайын көру қабілеті нашар азаматтар қатары көбеюде. Статистикалық дерек бойынша елде 80 мың зағип жан бар. Оның 4 мыңы балалар. Қонаевтық офтальмолог – дәрігер, Жанар Картекова қазір көруі қабілеті бұзылған балалардың көп екенін айтады. Ғұмырының 40 жылын медицинаға арнаған дәрігер мыңдаған адамның емделуіне себепкер болған.
Қарасайда науқастың жүрегіне электрлік кардиостимулятор орнатылды
ОСМС   13.08.2024   348
64 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны талай жылдан бері жүректің ишемиялық ауруымен күресіп келген. Бұл - жүректе қанайналымы толық тоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын сырқат. Шілденің соңында азамат инсульт алып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Жүрек соғысының бұзылуы анықталып, дәрігерлер кеңесінен кейін ота жасау туралы шешім қабылданыпты.