ӨЗІҢІЗДІ САҚТАНДЫРЫЛМАҒАНДАР ҚАТАРЫНАН ШЫҒАРЫҢЫЗ

Жетісу облысында сақтандырылмағандар қатарында 14 мыңнан астам ресми түрде жұмысқа орналаспаған және жұмыссыз ретінде тіркелмеген азамат бар. Бүгінгі таңда оларды жергілікті атқарушы органдар мен әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан жұмыспен қамту шараларына тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаевтың төрағалығымен өткен МӘМС жүйесіне халықты тарту жөніндегі облыстық өңірлік штабтың кезекті отырысы барысында белгілі болды. Штаб құрамында денсаулық сақтау басқармасы, мемлекеттік кірістер департаменті, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім басқармалары және басқа да мүдделі жергілікті атқарушы органдар жұмыс істейді.
ӨЗІҢІЗДІ САҚТАНДЫРЫЛМАҒАНДАР ҚАТАРЫНАН ШЫҒАРЫҢЫЗ

Қор филиалы жұмыссыз азаматтарға МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кіріп  «Сақтандырылған» мәртебесін алып, одан әрі жұмысқа орналасу үшін тұрғылықты жері бойынша «Мансап орталығына» жүгінуге немесе enbek.kz порталы арқылы еңбек биржасына өз бетінше өтінім беруге кеңес береді. 
«Сондай-ақ, сақтандырылмаған санатта әртүрлі себептермен МӘМС жүйесінен тыс қалған ресми жұмыс істейтін 50 мыңнан астам азамат бар. Оған келесі жағдайлар себеп болуы мүмкін: жұмыс беруші жарналарды уақытылы төлемеу, азаматтар жұмыс іздеу кезінде дербес төлеуші ретінде жарналарды төлемеу немесе МӘМС төлемдерін елемейтін және қызметкерлердің құқықтарын бұзатын жауапсыз жұмыс берушілердің кінәсінен»,-дейді Жетісу облысы бойынша Қор филиалының директоры Иван Самойленко. 
Естеріңізге сала кетейік, МӘМС туралы Заңға сәйкес «Сақтандырылған» мәртебесіне ие болу үшін соңғы 12 айда үздіксіз төлемдер болуы керек, ал адам жұмыс іздеп жүрген кезде жұмыссыз ретінде есепке тұруы немесе сол кезең үшін жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеуі тиіс.
Біздің денсаулығымыз өз қолымызда екенін ұмытпаңыз! Медициналық қызметтерді алудағы қиындықтардың алдын алу үшін МӘМС жүйесіндегі өз мәртебегізді тексеру және білу қажет.
Егер «Сақтандырылған» мәртебесі болған жағдайда емханада медициналық көмек алумен қиындықтар туындаса, дереу әрбір емханада жұмыс істейтін пациенттерді қолдау қызметіне жүгіну қажет. 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.