МӘМС АЯСЫНДА БУЫН АУРУЛАРЫН ЕМДЕУГЕ АЙЫНА 30-ДАН АСТАМ НАУҚАС «НҰР» ОРТОХИРУРГИЯ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА ЖҮГІНЕДІ

Орталықтың терапия бөліміне аяқ, жанбас буындарының қабынуы - артроз, гонартроз, коксартроз сияқты сырқаттарды емдеуге Жетісу облысының түпкір-түпкірінен науқастар келеді.  
МӘМС АЯСЫНДА БУЫН АУРУЛАРЫН ЕМДЕУГЕ АЙЫНА 30-ДАН АСТАМ НАУҚАС «НҰР» ОРТОХИРУРГИЯ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА ЖҮГІНЕДІ

«Біздің орталықта халыққа МӘМС аясында тегін медициналық көмек көрсетіледі. Білікті мамандар консервативті емдеу әдістерін қолдана отырып буын ауруына шалдыққан пациенттерге тез арада қалыпты қозғалыстағы өмір салтына оралуға көмекетеседі. Өз емханалары арқылы порталға тұрып ем алуға өңіріміздің шалғай ауыл-аудандарынан жиі келеді. Бір апта ішінде жүйелі жүргізілген ем арқасында буындарының қабынуы азайып, жұлшықеттері жұмсарып, қимыл-қозғалыстары жақсарып алғыстарын білдіріп жатады»,- дейді терапевт дәрігер Асель Дүйсекова.
МӘМС аясында науқастарға толық көлемде керекті ем-шаралар көрсетіледі. Оның ішінде қабынуға қарсы витаминотерапия, буындардың қозғалысын жақсартуға бағытталған массаж, емдік денешынықтыру, электрофорез қолданылып ем жүргізіледі. 
«Нұр» ортохирургия медициналық орталығына ұзақ жылдар бойы мазалаған тізе ауруына шипа іздеп келгендердің бірі Көксу ауданының тұрғыны - Гүлжамал Жарылқасынова. 
«Мен ауылдағы емханамнан тегін жолдама арқылы келдім. Тізе буындарым ауырып, тіпті баспалдақтан көтеріле алмай қалған едім. Орталықтағы ем өте жақсы нәтиже берді. Бес күн ішінде буындарымның қозғалысы қалпына келіп, қазір баспалдақпен көтеріліп немесе түсуге өзімді ақырындап бейімдеп келемін. Орталықтық мамандарына шексіз алғысымды білдіремін»,-дейді Гүлжамал Жарылқасынова. 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.