Жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс берушілер МӘМС төлемдері туралы не білу керек?

Жұмыс беруші қызметкерді МӘМС үшін жарналар мен аударымдар туралы хабардар етуі тиіс.    
Жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс берушілер МӘМС төлемдері туралы не білу керек?

Қызметкерге төлемнің екі түрі түседі:    
Аударымдар - оларды жұмыс беруші өз қаражаты есебінен төлейді - 2024 жылы оның мөлшері қызметкер жалақысының 3% құрайды. Аударымдардың максималды мөлшері 10 ЕТЖ-дан 3% - дан, яғни 25 500 теңгеден аспауы керек.
Жарналар - оларды жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан ұстайды, олар қызметкердің жалақысының 2% құрайды. 
Егер қызметкер МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін 5 жеңілдік санаттың біріне кірсе, онда жұмыс беруші олар үшін аударымдар мен жарналарды төлемейді. Бұл санаттар:    
•    балалар    
•    зейнетақы жарналарын алушылар    
•    «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар    
•    мүгедектер    
•    орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар    
•    жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыстағы адамдар    

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.