Білім айдынындағы айтулы белес

Биыл 70 жылдық мерейтойын тойлаған Текеліде қаланың өсіп-өркендеуіне үздіксіз үлес қосып, тамырын тереңге жіберген мекемелер баршылық. Солардың бірі – №4 орта мектебі өткен аптада 60 жылдығын атап өтті.
Білім айдынындағы айтулы белес

Мерейтойға мектеп ұжымы жан-жақты дайындалды. Өткен жылдардың жемісі, бүгінгі жетістіктер, ардагер ұстаздарға құрмет – бәрі-бәрі көрсетілді. Мектептің ауласында қаз-қатар тұрып, қонақтарды қарсы алған ұстаздар мен оқушылардың ілтипаты шара соңына дейін жалғасты. Мектептің фойесіне, дәлізді бойлай қойылған көрмелер мектептің тарихынан, тәрбие мен білімнің сан саласынан хабар беріп тұрды. Алпыс жылдың әр кезеңінде мектеп басшылығында болған директорлар, ұлағатты ұстаздардың суреттері мен олар туралы мағлұматтар сананы сәулелендірді. Түлектер шыққан белестер, спорт жетістіктері, робототехника кабинетінде жасалған шәкірттердің туындылары, оқушылардың алтын ұя мектептерін бейнелеген еңбектері, QR коды арқылы кітап оқу бұрышы, өткен заманның жәдігерлері сақталған мектеп мұражайы қонақтар назарына ұсынылды. Мектеп ұжымын, ардагер ұстаздар мен түлектерді қала әкімінің орынбасары Бауыржан Тұғылбаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Нариман Естібаев құттықтап, марапаттады. Өнерпаз оқушылар мен ұстаздардың ән шашуы, әсем биі мен күмбір күйі мереке шырайын келтірді.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.