Гүлбаршын Бектурова, Текелі қаласының Құрметті азаматы: Ырыс қонған Текелім

Тарих кезеңінде 70 жылдық белестен асып бара жатқан қастерлі Текелі қаласы осы өңірдегі әр азамат үшін қымбат. Көз тоймайтын табиғаты, кәсібін өркендеткен өндірісі қаланың келешегін бұдан да жарқын етеріне сөзсіз сенемін. Қала тұрмысының жанданып, ілгері басуына бір адамдай қолдан келгенше еңбек етіп, барымызды салу – міндетіміз.
 Гүлбаршын Бектурова, Текелі қаласының Құрметті азаматы: Ырыс қонған Текелім

Қазіргі кезде Текелінің даму әлеуеті айрықша, мүмкіндігі көп. Аймақтағы өндіріс орындары мен туристік нысандар, әлеуметтік сала қаланың дамуына үлес қосумен ғана шектелмей, тұрғындарды белгілі бір дәрежеде жұмыспен қамтып, тұрмысының жақсаруына септесіп отыр. Алдағы уақытта да «кеншілер қаласы» деген атын ардақтап, тұрмысы одан әрі түрленіп, тұрғындардың тірлігі жақсара түсері күмәнсіз.

Тату-тәтті, ынтымағы жарасқан мекеннің ырысты тіршілігін тиянақтау, келешегін кемелдендіріп, туған жерді гүлдендіру бәріміз үшін де үлкен жауапкершілік жүктейді. Бірнеше жыл бойы қалалық «Абзал ана отауы» халықтық ансамбльі қатарында өнер көрсетіп, жерлестеріміздің ыстық ілтипатына бөлендік. Болашақта шағын қаланың алып шаһарға айналарына кәміл сеніп, өңіріміздің тарихы еселеніп, өзі жаңара берсін деп тілеймін.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.