Николай Калиновский, Текелі қаласының Құрметті азаматы: Жерлестерім - мақтанышым

Текелі қаласы өз өмірбаянында небәрі 70-ші парағын ашты. Қала жас болғанымен, әр жылы ерекше және маңызды оқиғалар көп болды. Осы уақыт ішінде бізде жақсы дәстүрлер қалыптасты. Оларды ардагерлер мұқият сақтап, қолдау көрсетсе, жастардың арқасында ол дәстүрлер жаңа тыныс алады. Мұнда жаңа тұрғын ықшамаудандар бой көтеруде, ірі инвестициялық және әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Николай Калиновский, Текелі қаласының Құрметті азаматы: Жерлестерім - мақтанышым

Сүйікті қаламыздың болашағы зор, ал оның еңбекқор және қамқор тұрғындарының өзін-өзі дамытуға және ең батыл идеяларды жүзеге асыруға мол мүмкіндіктері бар екеніне сенімдімін. Текеліні өркендетуге, оны одан әрі нығайтып, гүлдендіріп, көркейтуге баршамызды адал еңбек, талант және шығармашылық біріктіреді! Ал біздің қала игілігі үшін істеген ортақ жұмысымыз көптеген заманауи және болашағы зор жобаларды жүзеге асыруға үлкен септігін тигізеді деп үміттенемін.

Еңбегімен, күшімен, талантымен ортақ үйіміздің дамуына баға жетпес үлес қосып жүрген әрбір жанға шын жүректен алғыс айтамын.  Сүйіспеншілік пен адалдықтары үшін, қаламыздың игілігі үшін көрсеткен қамқорлықтарына ризашылық білдіремін. Әр шаңыраққа зор денсаулық, бақыт, қуаныш, өркендеу мен табыс тілеймін, әр отбасының өмірі жылулыққа және мейірімділікке толы болсын! Сүйікті Текеліміз жыл сайын көркейе берсін!

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.