Құрметті текеліліктер және аға буын өкілдері!

Баршаңызды бүгінгі шуақты мереке Қала күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті текеліліктер және аға буын өкілдері!

Биыл біздің Текеліге мерейлі 70 жыл толды. Жыл сайын дәстүрлі түрде тойланатын бұл мейрам әр азаматтың, әр отбасының сүйікті қаласына деген құрметін, ыстық ықыласын қалыптастырады.

 Жылдан жылға текті қала Текеліміз көркейіп, дамып келеді. Қаламызда жақсы іске жұмылған қала тұрғындарының берекелі тірлігінің арқасында көптеген игі істер жүзеге асырылуда. Біз қаламызды, оны дамытуға зор үлестерін қосып жүрген азаматтарды әрдайым мақтан тұтамыз. Осынау байлығымызды қастерлеп, көздің қарашығындай сақтауымыз керек.

Текеліні көркейтіп, дамытуға зор үлес қосып жүрген баршаңызға ризашылық білдіріп, Алғыс айтамыз.

Қадірменді жерлестер!

Осы бір тамаша мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз. Еліміздегі баянды бірлігіміз, ынтымаққа ұйыған тірлігіміз табысты болсын! Текеліміз өркендеп, айбыны асқақтай берсін!

Текелі қаласының әкімі                   А.Әділ

Қалалық мәслихат хатшысы            Н.Калиновский

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.