Құқықтық қоғамға жол

Осы аптада қала әкімдігінде құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Құқықтық қоғамға жол

Аталған комиссия қала аумағындағы құқықбұзушылық фактілерінің алдын алу шараларын үйлестіреді. Бас-қосуда бас бостандыған айыру мекемелерінен босап келгендерді қоғамнан алыстатпау, жұмысқа тарту, кәмелетке тол-
мағандардың түнгі уақытта қыдыруы, олардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, суицид, көшелерде, қоғамдық орындарда бейнебақылаудың болуы, құқықбұзушылыққа «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыру, кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығы, экстремизм, терроризм, жат діни ағымдарды насихаттайтын баспа өнімдерін таратуға жол бермеу секілді өзекті бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар назарға алынды. Қалалық полиция бөлімінің жауапты мамандары, бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары баяндама жасады.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.