Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары жұмыс сапарымен Алматы облысына келді

Талдықорған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Алматы облыстық ҚХА жанындағы этномәдени орталықтары мен облыстық «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысы мүшелері және еріктілердің жұмысымен арнайы танысу мақсатында кедесу өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары жұмыс сапарымен Алматы облысына келді

Кездесуге АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Дандыбаев, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, жастар қатысты.

Кездесу барысында Марат Әзілханов этномәдени бірлестіктер мен «Жаңғыру жолы» өңірлік жастар қозғалысының өкілдері облыс, қала және аудан әкімдіктері жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңесі құрамына еңгізетінін атап өтті.

Одан бөлек жұмыс сапары барысында Марат Әзілханов этномәдени орталықтардың, қоғамдық келісім және Аналар кеңесінің, жетекші журналистер клубының, Алматы облысы ҚХА жанындағы ғылыми – сараптама тобының мүшелерімен кездесіп, құрылым жұмыстарымен танысты.

Өз сөзінде Марат Әзілханов Ассамблея Кеңесі мүшелеріне Ассамблеяның XXIX сессиясының тапсырмаларын іске асыруға белсенді қатысу бойынша хаттаманың орындалуын қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету міндеті қойылғанын атап өтті.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.