Қаратал өзенінің оң жағалауын бекіту
Общество   21.06.2022   612
Қаратал өзенінің оң жағалауы құлпыра түспек. Бұл туралы шаһар басшысы Әсет Масабаев баспасөз мәслихатында айтып берді.
ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ МЕЦЕНАТ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТУДЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІН КӨРСЕТТІ
Общество   24.05.2022   1563
Балалар жылына орай аймағымызда түрлі сала өкілдері мен меценат азаматтар игілікті шаралар ұйымдастыруда. Облыс орталығындағы мешіт имамдары мен Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы зекет қорының облыстағы өкілдері 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында «Айналайын» балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Олардың жоба-жоспарына мецанат, кәсіпкер, Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Кереев қаржылай және моральдық тұрғыда қолдау көрсетіп, балалар үйіндегі 104 балғынға әсерлі кеш ұсынды. Кешке өңірдің 6 мешіт имамы да қатысты.
«Тында........!»: Мен бұл сөзді халыққа емес, арандатушыларға айттым.
Общество   25.02.2022   344
Баспасөз мәслихаты барысында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев журналистерге ұятты сөздер жазылған видеоның таралу себебін түсіндірді.
Алматы облысында 20 білім беру нысаны жаңартылмақ
Образование   14.02.2022   1175
Өткен жылы Алматы облысының білім саласы жоғары нәтижеге қолжеткізді. Оған себеп - облыстағы апатты жағдайдағы мектептердің мәселесінің толық шешілуі.
Алматы облысында деструктивті діни топтарға тіркелушілер саны 22%-ға азайған Адамзат руханиятының алтын діңгегі, құндылықтардың бастауы, тіпті мемлекеттік басқарудағы үш тағанның негізгісі де -дін. Ислам мәдениеті мен өркениетінің темірқазығының айналасына көлеңке түсіретіндер соңғы жылдары қаптады. Ол діннің атын жамылған - экстремистік ағымдар. Мамандар, аталмыш топтардың қатарын қоғамда өз орнын таба алмаған азаматтар мен діни сауаты қалыптаспаған жастар толықтырып келе жатқаны байқалады деуде. Сәйкесінше, елдегі діни ахуал күрделеніп тұрған жайы бар.
Алматы облысында тау туризмі кластерін дамыту мәселелері талқыланды
Туризм   31.01.2022   5172
Алматы тау кластерін дамыту мәселелері бойынша тиісті министрліктер жетекшілері, облыс және қала басшылығы, ірі тау-шаңғы курорттарының иелері «дөңгелек үстел» басына жиналды. Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған шарада Алматы тау кластерінің әлеуеті, басымдық берілетін локациялары, өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Жиын қорытындысында үш жақты бірлескен мастер-жоспар әзірленетін болады, бұл құжат Алматы облысы мен Алматы қаласы және бизнес қауымдастықтың Алматы агломерациясы аумағында бәсекеге қабілетті туристік орта қалыптастыруға бағытталған үш жақты іс-шараларын үйлестіретін болады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы облысының ТЖД тұрғындарды қыс мезгілінде орын алуы мүмкін қауіптер туралы ескертеді
Общество   28.01.2022   509
Қыс мезгілі қауіп-қатерге толы кезең. Көк тайғақ, жұқа мұз, жылыту құралдарынан шығатын улы газ, бұның бәрі адамды бір сәтте ажал құштыруға әкеп соғары анық. Сол үшін де Алматы облысы ТЖД қызметкерлері тұрғындарға ескерту жасауда.
Алматы облысында бұрын сотталғандардың жасаған қылмыс саны 41%-ға азайған
Общество   28.01.2022   644
Алматы облысында бұрын сотталғандардың жасаған қылмыс саны 41 пайызға азайған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысындағы тіркелген қылмыстардың жалпы санының 1,4%-ға өсуімен сипатталады. Бұл туралы «Jetisy' Media» ақпараттық алаңында белгілі болды.
Алматы облысында 4 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойламақ
Общество   28.01.2022   401
Ағымдағы жылы жетісулықтардың игілігіне 304,4 мың шаршы метр тұрғын үй салыну жоспарлануда. Оның 241,5 мың шаршы метірі яғни, 3109 пәтерлі 350 тұрғын үй қолданысқа беріледі деп күтілуде. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.
133 мың жетісулық ревакцинация курсынан өтті
Общество   28.01.2022   310
Алматы облысында коронавирустың өсу деңгейі 0,6%-дан 0,7%-ға артқан. Өңір қызыл аймақта. Соңғы тәулікте 454 жағдай тіркелген, оның 112-сі балалар арасында анықталып отыр, деп хабарлайды «Jetisy Media».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.