Алматы облысында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқыланды. Жиын Римма Салықованың төрағалығымен және өңірлік кеңес мүшелері мен Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевтің қатысуымен өтті.
Алматы облысында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Кездесуді ашқан Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы Римма Салықова Өңірлік кеңес билік пен бизнес қоғамдастық арасындағы алтын көпір болып табылатынын атап өтті. Облыстың 35 кәсіпкерінен тұратын Өңірлік кеңестің жаңа құрамы 2020 жылғы шілдеде онлайн-режимдегі сайлау қорытындылары бойынша сайланды. Кеңестің мүшелігінде өңірлік кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген аудандар мен қалалардағы кәсіпкерлік субъектілерінің, қауымдастықтардың (одақтардың), өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өкілдері бар.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев өз сөзінде облыс басшылығы тарапынан кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін жүйелі шаралар жүргізіліп жатқанын айтты. Мәселен, биыл ет, сүт, майлы дақылдар, көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу бағыттары бойынша бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған.

«Алматы облысының әкімдігі мен «Атамекен» ҰКП маңызды серіктестер болып табылады және өңірдегі кәсіпкерліктің дамуы жолында бірлескен жұмыстар атқарып келеді. Осы аптада біз «Aitas KZ» АҚ-мен меморандумға қол қойдық. Кәсіпорын асыл тұқымды құс репродукторын және бройлер етін өндіретін құс фабрикасын салуды жоспарлап отыр. Нысандарды іске қосу нәтижесінде инвестиция көлемі шамамен 160 млрд теңге құрап, 5 мыңға жуық жұмыс орнын құрылады. Ұйғыр ауданында «Прима құс» ЖШС құс фабрикасының құрылысын бастады. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы ауданда реконструкциядан кейін «OTAN GreenFood» құс фабрикасы ашылды. АҚШ-тағы ең ірі ет өндіруші «Tyson Foods» біздің облысқа инвестиция салуды жоспарлап отыр. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерді қаржыландыру жұмыстары жалғасады», - деді Серік Тұрдалиев.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Өңірлік кеңес комитеттерінің отырыстарын бірлесіп өткізуді, онда басқармалар басшыларын, аудандар мен қалалар әкімдерін шақырып, бизнестің мәселелері мен дамыту жөніндегі ұсыныстарды талқылауды ұсынды. Айта кетейік, Өңірлік кеңес жанынан жеке білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер, агроөнеркәсіп кешені, өңдеу өнеркәсібі, туризм, тариф құнын анықтау, сәулет-құрылыс мәселелері жөніндегі жеті комитет құрылды.

Ары қарай облыстық палата директоры Әсет Шаяхметов 2021 жылға арналған жұмыс қорытындылары мен жоспарларын таныстырды. Айтуынша, өткен жылы экономиканың ең көп зардап шеккен салаларын анықтау үшін өңірлік палата 7 348 бизнес субъектілерінің қызметіне талдау жүргізді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, салықтық ынталандырулар, несиелер бойынша мерзімін ұзарту, жалға алу бойынша кешенді қолдау шаралары көрсетілді. Сонымен қатар, 20 мыңнан астам кәсіпкер infokazakhstan.kz өз қызметін қайта бастады. Жалпы, «Атамекеннің» көмегімен бизнестің мүліктік құқықтары жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге қорғалды.

Әсет Шаяхметов «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының жүзеге асырылуына тоқталып, Ұлттық палата бастамасымен облыста микроқаржы ұйымының (МҚҰ) ашылатынын жеткізді.

««Қарапайым заттар экономикасы» бойынша Алматы облысы бойынша құны 86,2 млрд теңге болатын 259 жоба бар. Осы бағдарлама бойынша қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктер мен Аграрлық-кредиттік корпорация жалпы сомасы 57,1 млрд теңгеге 188 жобаны мақұлдады. Сондай-ақ, бүгінде әкімдік пен «Атамекен» ҚР ҰКП қатысуымен микроқаржы ұйымын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлердің жеңілдетілген  несиелермен қаржыландыру қажеттілігіне және оның қолжетімділігіне талдау жүргіздік. Микроқаржы ұйымы шеңберіндегі несие тек «Бастау Бизнес» жобасының түлектеріне салалық шектеусіз берілетін болады», - деп атап өтті Әсет Шаяхметов.

Отырыс барысында Өңірлік кеңес мүшелері 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады, сондай-ақ кәсіпкерлік саласындағы бірқатар мәселелер мен бастамаларға тоқталды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.