Самарқанның көк тасы еріген күн

«Жаңа күн» деген мағына беретін Наурыз мейрамы көктемгі жаңарудың, жаңғырудың, тазалық пен ырыс-құттың бастауы. Бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келе жатқан бұл мейрамды түркі халықтары ерекше тосады, өзіндік салт-дәстүр, салтанатымен тойлайды. Көнеден келе жатқан мерекені әлем халықтарының басым бөлігі әлі күнге дейін тойлап келеді. Бұл мейрам әр халықта Наурыз, Невруз, Навруз, Новруз Байрам делінсе, тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», «гүлнаурыз», татарлар «нардуган», буряттар «сагаан сара», ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», чуваштар «норис ояхе», хорезмдіктер «наусарджи» деп түрліше атайды.
Самарқанның көк тасы еріген күн

Еркіндікті сүйетін дархан пейілді қазақ халқы наурыз тойын да ұлттық ерекшеліктерімен, дәстүр-салтымен, ұлттық бояуымен атап өтеді. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында келер жыл берекелі болсын,
молшылықтың бастауы болсын деген ниетпен қасиетті жеті түрлі дәм қосып,
наурыз көже пісіреді. Тіршілік атаулы оянып, бусанған шақта бұлақтардың көзін тазалап, ағаш егеді. Үйдің іші-сыртын тазалап, жаңғыртады. Балалар ойын мен тәттіге тойса, бозбала-бойжеткендер «ұйқыашар», «селтеткізер» жасап, айналаны ән мен күйге бөлейді. Үлкен-кіші ақ сақалды аталардың Наурыз батасынан қуат алады.

Текелі жұртшылығы биылғы Наурызды да үлкен үмітпен, сән-салтанатпен қарсы алып, ұрпаққа үлгі болар дәстүр жалғастығын паш етіп жатыр.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.