Алматы облысында «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы сәуір айында басталады

Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу ашылды. Биылғы олимпиадаға қатысу үшін өтінімдер 1 наурыз бен 30 наурыз аралығында қабылданады. Оған тіркелу 1000bala.elumiti.kz сайтында қол жетімді, деп хабарлайды Алматы облыстық коммуникациялар алаңы.
Алматы облысында «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы сәуір айында басталады
Олимпиадаға соңғы екі оқу жыл ішінде Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6-сынып оқушылары қатыса алады.
«Биылғы қатысушылар үшін бірнеше жаңалығымыз бар. Алғашқысы, 2023 жылғы олимпиадаға тек 6-сынып оқушылары қатыса алады. Екіншісі, биыл мұғалімдер тіркеуден өтті, олимпиада қорытындысы бойынша оқушылары жеңімпаз атанған мұғалімдерге сертификат берілетін болады. Сондай-ақ, биыл сайтта өткен жылдағы тест тапсырмалары бойынша дайындалуға мүмкіндік беретін тренажер іске қосылды»,-деді  «Жас дарын» орталығының директоры Диана Онбырбаева.
Айта кетейік, «Мың бала» олимпиадасының  бес мың финалисі Birge oqý онлайн-мектебінде тегін оқи алады. Яғни, елдегі оқушылардың қабілетін дамытуға тең жағдай жасалады.  
«Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. I кезең 2023 жылдың сәуір айының 3-ші мен 7-сі аралығында өтеді. Бұл кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауға арналған тапсырмалардан тұрады. Тестілеу онлайн-форматта өткізіледі. Облыстар бойынша ең жоғары қорытынды балл алған бес мың оқушы олимпиаданың ІІ кезеңіне өтеді»,-деп атап өтті спикер. 
Олимпиаданың II кезеңі 2023 жылғы сәуір айының 26 мен 28 аралығында өңірлік тестілеу орталықтарында күндізгі форматта өтеді деп күтілуде. Қатысушылар II кезеңде математикалық сауаттылық, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін бағалауға бағытталған компьютерлік тестілеуден өтуі қажет.
Жалпы еліміз бойынша олипиада өткен үш жыл ішінде оған ауыл мектептерінен 580 мыңнан астам оқушы қатысты. Үш жыл ішінде олимпиаданың 3000 жеңімпазы анықталды, оның 960-ы дарынды балаларға арналған мектептерге қабылданса, тағы 5000-ға жуық бала онлайн қосымша білім алады.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.