МӘМС: САУДА ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жетісу облыстық филиалы Талдықорған қалалық емханасымен бірлесіп «City Plus», «Атамекен», «Мактуб» сауда ойын-сауық орталықтарында «Денсаулық бұрышын» ұйымдастырды.
МӘМС: САУДА ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Іс-шара аясында қала тұрғындарына МӘМС жүйесінің артықшылықтары, жарналарды төлеу тәртібі, сақтандыру мәртебесінің мүмкіндіктерін пайдалану, өз құқықтарын қорғау және скринингтік зерттеулерден уақтылы өтудің маңызы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Промо акцияның негізгі бөлігі  ақпараттық парақшаларды тарату болды. Оларда МӘМС шеңберіндегі медициналық қызмет түрлерін, медициналық көмек алу тәртібін, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды қоса алғанда, МӘМС жүйесінің негізгі ережелері егжей-тегжейлі баяндалды. Сауда ойын-сауық орталықтарына келушілер материалдармен танысып, Қор филиалының өкілдеріне сұрақтар қойып, МӘМС жүйесінің артықшылықтары мен маңызы туралы ақпарат алды.

«Консультациялар еркін форматта өтті. Біздің мамандар МӘМС ұсынатын мүмкіндіктер, жыл сайынғы денсаулық скринингтерінің маңыздылығы туралы айтып, пациенттердің құқықтарын бұзған жағдайда қайда жүгіну керектігін түсіндірді. Осындай интерактивті кездесулер арқылы ақпараттандыру адамдарға өзекті ақпарат алуға, МӘМС жүйесінде өз құқықтары мен мүмкіндіктерін жақсы түсінуге жол ашады, сондай - ақ оларды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады», - дейді Қор филиалының директоры Иван Самойленко.

 Іс-шараның тағы бір маңызды бөлігі «Денсаулық бұрышы» болды. Қала тұрғындары қан қысымын, қандағы қант деңгейін және көз қысымын өлшейтін тегін экспресс-тексерулерден өте алды. Талдықорған қалалық емханасының тәжірибелі медицина қызметкерлері жедел диагностика жүргізіп, салауатты өмір салты бойынша ұсыныстар берді.

 Бұл интерактивті тәсіл сауда орталығына келушілер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Көбісі өз денсаулығының жай-күйі туралы тез арада білуге және аурулардың алдын алу бойынша құнды кеңестер алуға қызығушылық білдірді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.