ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР МӘМС ҮШІН ТӨЛЕУ КЕРЕК ПЕ?

Әскери қызметшілер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық көмек ала алады. Осы екі пакет шеңберінде көрсетілген медциналық қызметтер бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына қаражатты Әлеуметтік медициналық сақтарындыру қоры төлейді.
ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес әскери қызметшілер МӘМС жарналары мен аударымдарынан босатылды, яғни жұмыс берушілер олардың жалақысынан ұстап қалуды жүргізбейді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінде әскери қызметшілердің мәліметтерін «Адамдарды арнайы есепке алу» ақпараттық жүйесіне ЖСН көрсете отырып енгізілген әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері есебінен алады. Олар бойынша деректерді әскери бөлімдердің, әскери басқару органдарының қызметкерлері енгізеді. Қор жүйесінде әскери қызметшінің ЖСН-ы шыққан соң ол автоматты түрде сақтандырылған мәртебесін алады және жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылады», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Иван Самойленко
Әскерде борышын өтеп жүрген сарбаздар МӘМС жарналарын төлеу керек пе?
ҚР Қарулы күштерінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар да осы кезеңге жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылған. Яғни, жұмыс істеп жүріп, әскерге кеткен азаматтар жарналар мен аударымдарды төлемеуі және олар үшін қарыз жиналмауы керек.
Сарбаздар туралы деректерді қорғаныс органдары жібереді. Егер қандай да бір себептермен мәліметтер уақытылы жіберілмей қалса, берешек пайда болады. Бұл жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының атына берешекті жою туралы өтініш жазып, әскери билеттің сканерленген нұсқасын тіркеп kanc@fms.kz электрондық мекен-жайына жіберу керек.
Егер әскерде борышын өтеп жүрген азамат үшін жарна төленсе, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы қате төленген жарналарды қайтаруға өтініш бере алады.
Егер сіздің тағы да сұрақтарыңыз болса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгініңіз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз:
- fms.kz ресми сайты
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
- Telegramдағы SaqtandyryBot
- 1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы