Алматы облысында гидроцелеге шалдыққан науқасқа сәтті ота жасалды

Қонаев қаласының тұрғынында бұдан бөлек шап жарығы анықталған. Өзі тіркелген ауруханада қажетті зерттеуден өтіп, жоспарлы отаға жіберіліпті. Дәрігер-уролог Айдар Жанбатырұлы отаның 1 сағатқа созылып, сәтті аяқталғанын айтады. 
Алматы облысында гидроцелеге шалдыққан науқасқа сәтті ота жасалды

«Көбінесе, гидроцеле туғаннан кейін бірнеше айдан кейін өтеді. Кейде ауру шаптың жарығымен қоса пайда болуы мүмкін. Шаптың жарығы кезіндегі гидроцелені тезірек оперативтік жолмен емдеу қажет. Егер ауру бірнеше айдан кейін өтпесе, хирургиялық емдеу қажет болуы мүмкін. Мұндай оталар МӘМС есебінен тегін, яғни халыққа қолжетімді болып отыр. Сақтандырылған азаматтар жоспарлы түрде емханадан жолданады. Варикацелия, гидроцелия, киста деген сияқты ауруларды да емдеп, қажетті отаны жасаудамыз», - дейді емдеуші дәрігер Айдар Жанбатырұлы. 
Күрделі ем-домды науқас МӘМС есебінен алып отыр. Қазірде азаматтың жағдайы жақсы. Отадан кейінгі оңалту шараларынан өтіп жатыр. Айтуынша, бұл сырқат туғаннан пайда болған.  
«Бір жарым жасымда ота жасалған. Алайда жасыма қарай толығымен емім аяқталмапты. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына келіп, қажетті сараптама жасадым. Қан тапсырып, зерттеулерден өттім. Ота жасалды. Барлығы тегін болды. Өйткені, мемлекет мен үшін МӘМС жүйесіне жарна төлеп отыр. Сондықтан күрделі ота маған қолжетімді болды. Дәрігерлердің біліктілігінің арқасында отадан кейін аяқтан тез тік тұрдым», - дейді науқас. 
Айта кетерлігі, МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады. МӘМС профилактикалық медициналық тексерулер, диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика, мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек, медициналық оңалту, стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сынды медициналық қызметтерді қамтиды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.