Оңтайлы қызмет көрсету

Электрондық үкімет құру идеясы алғаш рет 2004 жылы жариялаған болатын. Сол жылы елімізде электронды үкіметті қалыптастыру бағдарламасы бекітіліп, 2006 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы іске қосылды.
Оңтайлы қызмет көрсету

Қазіргі уақытта Қазақстанда нормативтік-құқықтық база бар, әрбір азамат үшін электронды үкіметтің қолжетімді болуы қамтамасыз етілген.

Қазақстандықтар арасында www.egov.kz порталдың танымалдығы жылдан жылға артып келеді, себебі ол мемлекеттік қызметтерді үйде отырып-ақ интернет, электронды терминалдар және мобильді қосымша арқылы алуға мүмкіндік береді. Электронды түрдегі қызметтердің қолжетімді болуы да азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңбаны тегін ұсынудың арқасында мүмкін болды.

Бүгінгі таңда www.egov.kz порталда Сіз кез келген мемлекеттік қызметке қатысты кез келген қызықты ақпаратты тауып, онлайн анықтама алып, ол үшін мемлекеттік бажды бірден төлеуге, кезекте тұрып уақытыңызды жоғалтпайсыз.

Сонымен қатар, процестерді үнемі жетілдіру және оңтайландыру жүреді. Осылайша, оңтайландыру бірнеше қызметтерді күрделі қызметтерге біріктіруге мүмкіндік берді.Мысалы, егер азамат бала туылған кезде оған үш рет қызмет көрсетуге өтініш беру қажет болды: баланың тууын тіркеу, содан кейін әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш беру және қайтадан баланы балабақшаға кезекке қою. Қазір бұл қызметтердің барлығы «Баланың тууы» бір құрамдас қызметке біріктірілген, яғни, бір қадамда адам бірден үш қызметті алады.

АХАТ қызметі бойынша ең танымал қызметтердің бірі – некені тіркеуге өтініш беру. Неке қиюды www.egov.kz порталы арқылы тіркеудің қолайлылығын жас жұбайлардың көпшілігі бағалады. Барлық жас жұбайлардың бір мезгілде АХАТ-ға келіп, некені тіркеуге өтініш беру мүмкіндігі бола бермейді. Жоспарланған үйлену күнінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде онлайн өтінімді толтыру, мемлекеттік баж салығын төлеу – бұл өтініш берушілерден талап етілетін нәрсе.

Сонымен қатар, АХАТ бөліміндегі www.egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы азаматтар некені бұзуды тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, атын өзгерту, қайталама анықтамалар мен анықтамалар беру сияқты қызметтерге жүгіне алады.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.