GALAMTV - Интернет-телевизияның жаңа мүмкіндіктері

«GALAMTV» - бұл отандық көпфункционалды жоғары сапалы, пайдалануға ыңғайлы және Қазақстанның әрбір азаматына қол жетімді интернет-телевизия. Интернет қызметінде мектеп оқушыларына қашықан оқыту тұрғысынан білім беру функциясын орындайтын «Балапан» және «ЕлАрна» телеарналарын қоса алғанда, 10 отандық радиоарна мен 24 телеарна кіреді.
GALAMTV - Интернет-телевизияның жаңа мүмкіндіктері

«GALAM TV» әлемнің кез-келген нүктесінде қазақстандық телеарналарды нақты уақыт тәртібінде кез келген мобильді құрылғыдан көруге мүмкіндік береді.  Бұл қызметтің көптеген артықшылықтарының қатарында TimeShift ойнатуды басқару функциясын атап өтуге болады, ол сізге кез келген ыңғайлы уақытта қайтадан қарау үшін фильмнің немесе телешоудың үзіндісін кідіртуге немесе «ілгерілетуге» мүмкіндік береді.

 «GALAM TV» интернет-телевизиясының функциялар жиынтығы, оның артықшылықтары туралы айта отырып, біз CatchUP 24 функциясын атап өтеміз, бұл Интернет қызметін пайдаланушыларға бағдарламаларды 72 сағат бойы қайта ойнатуға мүмкіндік береді.  Әр арнаның хабарлар бағдарламасы көрермендерге өз ыңғайына қарай қарау үшін жазбада сақталады.

 Сондай-ақ, қызмет бос уақытты жоспарлауға мүмкіндік береді.  Ол үшін кез-келген арнаның қажетті телебағдарламасын жылдам табуға қол жеткізетін ыңғайлы электронды бағдарламасы жасалған.

 Интернет бар жерде GALAM TV қызметін пайдалануға болады.  Бұл үшін кез-келген байланыс түрі қолайлы: LAN / Wi-Fi, 3G, 4G.  Көрсетілімді бастау үшін мобильді құрылғыға AppStore немесе PlayMarket-тен «GALAM TV» қосымшасын жүктеп алып, оған тіркелу керек.  Сурет пен дыбыстың сапасы Интернетке қосылу жылдамдығына байланысты. Теледидар қарау үшін мобильді интернетті пайдалану Интернет-трафикті тұтынудың артуына әкелуі мүмкін екенін ескертеміз, алайда GALAM TV тізіміндегі телеарналарының барлық мазмұны тегін ұсынылады.

Өзіңіздің сүйікті телешоуларыңызды GALAM TV-ден бүкіл отбасымен бірге көріңіз!  Бір есептік жазбадан үш құрылғыдан бір уақытта қарау мүмкіндігі бар.

 Қызмет www.galamtv.kz порталында да қол жетімді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.