Тәрбиеден басталады

Қалалық кітапхананың балалармен жұмыс істейтін №1 филиалында «Терроризм және оның зардаптары» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбиеден басталады

Кітапханашылар Г.Акшолакова мен Ж.Биболова оқушыларға экстремизм мен терроризмнің зардаптарын түсіндірді. Қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға  жол бермеудың көкейкестілігіне мән берді. Мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірді мағыналы ете түсетін  бас-ты құндылық екенін ойға ұялатты. Сонымен қатар, мектепте оқытылатын білімді жаңсы меңгеруге күш салу, ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру, мәдениетке, озық өркениетке ұмтылу, міне, осындай жақсы қасиеттер жат пиғылды ағымдардың алдап-арбауына тосқауыл болатынын еске салды. 

Тәрбие сағатынрда оқушылар да өз ойларымен бөлісіп, көкейде жүрген сұрақтарына  жауап алды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.