Оқу-семинары өтті

«Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының гранты аясында Алматы облысының ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау бойынша жақында жоғары кәсіби тренерлердің қатысуымен мемлекеттік және орыс тілінде онлайн режимде оқу-семинары ұйымдастырылды.
Оқу-семинары өтті

Онлайн оқу-семинарда теолог, исламтанушы, «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Асқар Сабдин, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  профессоры, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» президенті Кәкімжан Бишіманов, осы университеттің аға оқытушысы, РһD доктор Құдайберді Бағашаров дәстүрлі ислам қағидалары және ислам мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрлер, сондай-ақ, жат ниетті күштердің адамды ақ жолдан тайдыруда қолданатын әдіс-тәсілдері жайында кеңінен баяндаса, ҚР Мәдениет қайраткері, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Мұрат Абзалбаев тілдің, психологияның, қимылдың адам санасын әсері жайында мағлұматтар берді.           

Баршаға белгілі, бүгінде лаңкестік пен экстремизм әлемдік сипат алуда, қазір ешбір ел лаңкестердің қоқан-лоқысынан, тосын шабуылынан бейтараппыз дей алмайды, әрине, бұл әлем елдері лаңкестіктің алдында шарасыз дегенді білдірмейді. Әр ел өзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай күрес шараларын іске асыруда. Елімізде бұл бағытта жұмыстар ке-шенді түрде жүргізіліп келеді.

Жасыратыны жоқ, қазір жат ниетті күштер дінді желеу етіп, адамдардың сеніміне кіру арқылы арам пиғылдарын жүзеге асыруда. Олар өрт қою, жарып жіберу, бейкүнә адамдарды кепілге алу секілді сан қилы қитұрқылар арқылы қоғамдға үрей тудырады, тұрақтылықты шайқалтады. Қазір лаңкестер де әккілене түскен, олар халықтың дәстүрлі діни ұстанымын, салт дәстүрлеріне әртүрлі дәлел-дермен қарсы шығып, адам санасында қарама-қайшылықтар тудыруда. Сол арқылы қоғамды бөлшектеп, бір-біріне қарсы қоюда. Өңірлерде құрылған үгіт-насихат топ мүшелерінің жан-жақты білімді болуы, дәстүрлі діни қағидаларды, ұлттық салт дәстүрлерді жақсы меңгеріп, шешен тілмен, мол біліммен көпті иландыра білуі өте маңызды. Бір күнге жалғасқан семинарда тренерлер осы түйінге баса назар аударып, тыңдаушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.