Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға ар-налған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы аптада қалалық Мәдениет үйінде бос жұмыс орындарының жәрмең-кесі өтті.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеге «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы, жастар ресурстық орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, жұмыспен қамту орталығының сондай-ақ, бос жұмыс орнын ұсынған 30-ға тарта мемеке, кәсіпорындардың басшылары мен мамандары қатысты.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ақтолқын Ысқақова «Еңбек» бағдарламасының бағыттарымен қысқаша таныстырып, өз бетімен жұмыс істейтін, табысы аз немесе жұмыссыз азаматтардың бағдарламаға қатысып, өз таңдауына сай, кәсіптік оқу арқылы жаңа мамандық алуына, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына, жастар тәжірибесіне қатысуына, сондай-ақ, жәрмеңке арқылы 90-нан астам бос жұмыс орнын ұсынып отырған мемеке, кәсіпорындарға мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына көмек көрсетілетінін жеткізді.

Аталған мекемелер мен ұйымдардың өкілдері мен жұмыс ұсынушы орындардың қызметкерлері жәрмеңкеге келген азамттарға жылы қабақ танытып, емен-жарқын әңгімелесті. Мамандығы, бейіні, жас санаты, мүмкін-діктерімен жан-жақты танысып, олардың ойға алған жұмысына орналасуына ниеттес болды. Заңдық тұрғыдан бағдарлап, ақыл-кеңес берді. Еңбек етіп, алға қойған игі мақсаттарына ұмтылған жандардың қалтарыста қалмайтынын, мемлекет пен қоғам оларға қашанда қол ұшын беретінін сезіндірді.

Жәрмеңке арқылы 170-тен астам адам кеңес алып, 11 адам тұрақты жұмысқа, 6 адам қоғамдық жұмысқа орналасты.

Ақан Ырымжанұлы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.