Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат үшін бөлінген республикалық бюджет қаражатынан төленді
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат

Бекбатыров Берік Кәрімұлы

Бекбатыров Берік Кәрімұлы 1967 жылы дүниеге келген. Инженер-электрик, әскери дайындық-дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Ауған соғысының ардагері. 1985-87 жылдары Ауғанстан Республикасының аумағында әскери борышын өтеп, соғыс қимылдарына қатысты. Текелі қаласындағы «Ауған соғысы және жергілікті соғыс ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Қазіргі уақытта негізгі қызметі жол-көлік инфрақұрылымы саласында қызмет көрсету болып табылатын «СМЭО» ЖШС директоры болып қызмет етеді.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Мен қалалық мәслихат депутаттығына өз кандидатурамды ұсына отырып, халық алдындағы және туған қаламның алдындағы жауапкершілікті терең түсінемін.

Мен даңғаза уәделер беріп, бір адамның қолынан келе бермейтін істерді уәде еткім келмейді. Менің ойымша, депутаттың басты міндеті – халықпен бірге болу, тұрғындардың пікірін тыңдау, олардың мәселелерін білу және өз өкі-
леттігі мен мүмкіндігі шегінде сол мәселелердің шешілуіне ықпал ету.

Мен қала тұрғындары, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекет арасындағы байланыстырушы көпір болуды бұлжымас міндетім санаймын. Халықтың үнін жеткізіп, сайлаушылардың мүддесін қорғап, олардың өтініштері мен ұсы-ныстарының назардан тыс қалмауына бар күшімді саламын.

Мемлекет басшысының саясатын қолдаймын және қаламыздың дамуына, көркеюіне, тазалығына, тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайларын қалып-тастыруға өз үлесімді қосу маңызды деп санаймын.

● Соғыс және еңбек ардагерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға қолдау көрсетемін.

● Мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына партиялық бақылау жүргіземін.

● Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы мәселелерді шешуге атсалысамын.

Қаламыздың өркендеп, дамуы тек билік қабылдайтын шешімдерге ғана емес, әрқайсымыздың жанашырлығымызға, өзара құрметімізге, татулығымыз бен бір-лігімізге де байланысты деп есептеймін.

Менің ұстанымым қарапайым: халықпен ашық байланыста болу, адал қызмет ету және сайлаушылар көтерген мәселелердің шешілуі үшін қолымнан келгеннің бәрін жасау.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, қаламыз көркейіп, ынтымақ-бірлігіміз нығая берсін!

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.