Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат
КЕРІМБАЕВ РАХЫМ ҚҰСАЙЫНҰЛЫ
Керімбаев Рахым Құсайынұлы 1983 жылы туған. Инженер, педагог, дене шынықтыру және спорт мұғалімі мамандықтарын меңгерген.
Әр жылдарда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, дзюдо күресінен жаттықтырушы, оқытушы, көп салалы спорт кешенінің директоры, тағы басқа қызметтерді атқарды.
Қазір «Су спорты түрлерінен МБЖСМ» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Үйленген, екі қыздың әкесі. Кәсіпкерлікпен айналысады.
Текелі қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты болған.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Бағдарламаның мақсаты: халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік жағынан осал азаматтарды қолдау және экономиканы дамыту.
- Көпбалалы отбасыларға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға көмек көрсету. Балаларға арналған тегін үйірмелер мен спорт секцияларын ұйымдастыру. Қажеттілігі бар отбасыларға материалдық көмек ұсыну. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға қолдау көрсету.
- Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау. Спорттық құрал-жабдықтар мен арнайы құрылғыларды сатып алуға көмек көрсету. Қалада қолжетімді әрі кедергісіз орта қалыптастыру. Жұмысқа орналасуға және кәсіби білім алуға көмектесу. Бейімделген спорт түрлері бойынша тегін секциялар ашу.
- Спортты дамыту. Аз қамтылған отбасылардың балаларына тегін спорт секцияларын ұсыну. Мектептерді қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Қолжетімді спорт алаңдарын салу және жаңарту. Жас әрі дарынды спортшыларды қолдау.
- Кәсіпкерлерді қолдау. Жаңа бизнес ашуға гранттар мен жеңілдетілген қаржыландыру ұсыну. Кәсіпкерлік және бизнесті басқару бойынша тегін курстар ұйымдастыру. Жаңадан кәсіп бастаған азаматтарға құжат рәсімдеуге көмектесу. Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту. Жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасау.
Біздің басты мақсатымыз – әрбір азаматқа тең мүмкіндік беру, отбасыларды қолдау, жастардың болашағына жол ашу және кәсіпкерлікті дамыту.
Менің ойымша, мықты мемлекет – ең алдымен мықты отбасылардан, дамыған экономикадан және халықтың әл-ауқатынан басталады.
