Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат үшін бөлінген республикалық бюджет қаражатынан төленді
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат

ҚОЖАБЕК АРМАН

Қожабек Арман 1967 жылы Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Екпін-ді ауылында дүниеге келген. Қазақ ұлттық техникалық университетін тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді.

Текелі қорғасынмырыш комбинатында 33 жыл еңбек етті. Қазіргі таңда Текелі қаласындағы Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде бас инженер болып жұмыс істейді.

Қоғам белсендісі.

Текелі қалалық мәслихатының V, VI, VIII шақырылымдарының депутаты.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Мен өз қаламды жақсы көремін және оның болашағына бейжай қарай алмаймын. Депутаттыққа кандидат ретінде мақсатым – тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті мәселелерді көтеру және олардың шешілуіне ықпал ету.

  1. Туризмді дамыту. Текелі қаласының туристік әлеуетін арттыру. Экологиялық, тау және отбасылық туризмді дамыту. Туристік инфрақұрылымға инвестиция тартуға ықпал ету.
  2. Шағын және орта бизнесті қолдау. Жергілікті кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау. Отбасылық және жас кәсіпкерлерді қолдау. Туризм мен қызмет көрсету саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету.
  3. Автомобиль жолдары мен абаттандыру. Қала көшелері мен аулалардағы жолдарды кезең-кезеңімен жөндеу. Көшелерді жарықтандыру және жаяу жүргіншілер жолдарын жақсарту. Горняцкий және Металлург шағын аудандарына ерекше көңіл бөлу.
  4. Сапалы сумен жабдықтау. Тозығы жеткен су құбырлары желілерін жаңарту мәселесін көтеру. Тұрғындарды үздіксіз әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге ықпал ету. Су жүйелеріндегі апаттарды уақытылы жоюды бақылау.
  5. Балалар мен мектеп оқушыларының қауіпсіздігі. Мектептер мен балабақшалар маңындағы көшелерді жарықтандыру. Қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелдерін ұйымдастыру. Балалардың қауіпсіз жол қозғалысына жағдай жасау.
  6. Тұрғындармен ашық диалог. Халықпен тұрақты кездесулер өткізу. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алу. Қалалық жобалардың жүзеге асырылуы мен бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізу.

Текелі – біздің ортақ үйіміз. Қаламызды бірге көркейтейік!

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.