Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат
ПАДАЛКИНА АННА ВАСИЛЬЕВНА
Падалкина Анна Васильевна 1991 жылы Сарқан ауданында дүниеге келген. 2005 жылдан бері Текелі қаласында тұрады. Педагогтер отбасында өсіп, тәрбиеленген.
2012 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Туризм» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сол жылы отбасын құрған. Тұрмыста, екі бала тәрбиелеп отыр. Анна Васильев-наның кәсіби қызметі де білім беру саласымен тығыз байланысты. 2015 жылдан бері Текелі кәсіптік колледжінде өндірістік оқыту шебері және «Қонақ үй бизнесі» мен «Туризм» бағыттары бойынша арнаулы пәндер оқытушысы болып еңбек етеді.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
- Көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларға қолдау көрсету. Әлеумет-
тік көмек пен қажетті қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Мүге-дектігі бар адамдар үшін кедергісіз ортаны дамыту. Аға буын өкілдерін қолдау және зейнеткерлердің еңбегін құрметтеу. Азаматтардың тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған бастамаларды ілгерілету. - Тегін үйірмелер мен спорт секцияларының қолжетімділігін кеңейту. Дарынды және қабілетті балаларды қолдау. Балалар мен отбасыларға арналған қоғамдық кеңістіктерді дамыту. Қосымша білім беру қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға ықпал ету. Отбасылық және әлеуметтік бастамаларды қолдау.
- Кәсіби даму мен өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік жасау. Жастардың бастамалары мен стартап-жобаларын қолдау. Жас мамандардың жұмысқа орналасуына ықпал ету. Цифрлық сауаттылықты, IT саласын және заманауи кәсіптерді дамыту. Жастардың туған қаласында білім алып, еңбек етіп, болашағын қалыптастыруына қажетті жағдай жасау.
- Шағын және орта бизнесті қолдау. Жастар және әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына ықпал ету. Жергілікті тауар өндірушілер мен кәсіпкерлерді ілгерілету. Жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жобаларды қолдау. Кәсіби оқыту мен кәсіпкерлік дағдыларды дамыту.
- Туристік бағыттар мен экскурсиялық бағдарламаларды дамыту. Қаланың табиғи және тарихи көрікті жерлерін кеңінен таныту. Қонақүй бизнесі мен қонақжайлылық саласын қолдау. Туристік іс-шаралар мен қалалық фестивальдерді дамыту. Туризм арқылы жергілікті бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру.
