Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат
ТӨЛЕГЕНОВА АЙГҮЛ ЖАНГЕЛДІҚЫЗЫ
Төлегенова Айгүл Жангелдіқызы 1982 жылы Жетісу облысы Сарқан ауданында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Педагогика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын №5 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады. 2008 жылы №3 орта мектебіне ауысты. Мұғалім, кейін директордың тәрбие ісі, оқу ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. Қазіргі таңда №3 орта мектебінің директоры қызметін атқарады.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
- Рудничный ауылдық округіндегі клубтың құрылысын жүзеге асыруға ықпал ету. Әуесқой шығармашылық және көркемөнерпаздар ұжымдарының, балалар үйірмелерінің, спорт секцияларының дамуына қолдау көрсету.
- Рудничный ауылдық округі аумағындағы Көксу өзенінде «ЭнергоБилдСервис» ЖШС екі су электр станциясын салу жөніндегі ірі инвестициялық жобасының жүзеге асырылуына қолдау көрсету. 2027 жылға жоспарланған жобаның екінші кезеңінің уақтылы әрі сапалы пайдалануға берілуін, сондай-ақ жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуын бақылауда ұстау.
- Қоғамдық аумақтар мен жолдың қауіпті учаскелерін жарықтандыруды жақсарту. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, қарт адамдарға және мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету. Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және әлеуметтік қолдау көрсетуге ықпал ету. Волонтерлік қозғалысты және қоғамдық бастамаларды дамытуға қолдау көрсету.
- 2027 жылы мал қорымын салу үшін көлемі 0,05 гектар жер учаскесін бөлуге ықпал ету. Сонымен қатар ветеринарлық станция салуға ықпал ету.
- Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, денсаулық сақтау нысандарын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтауға және білікті медицина мамандарын тартуға ықпал ету.
- Мектепке дейінгі білім беруді дамытуға және балалар үйірмелерінің қолжетімділігін арттыруға қолдау көрсету. Инклюзивті білім беруді қолдау және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру.
