Жасқа да, кәріге де қажет

«AMANAT» партиясы мен Үкіметтің бірлескен «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында жер-жерде қаржылық сауаттылықты арттыру сабақтары өтіп жатыр. Текелі қаласында үш лекте өткен қаржылық сауаттылық оқуына 155 адам қатысып, сертификат алды.
Жасқа да, кәріге де қажет

Үш лектің екеуі Текелі қаласында, біреуі Рудничный ауылдық округінде өтті. Бес күнге созылған тегін оқытуға жұмыссыз, аз қамтылған, қиын жағдайға тап болғандар, пробация есебінде тұрғандар және кез келген ниет білдіруші тұрғын қатысты. Олар отбасылық бюджет жүргізуді, шығындарын басқаруды, қар-жылай тәуелсіз болуды, депозиттер мен қаржылық жоспар құруды, білікті заң көмегін алуды үйренді. Сабақты өткізген қаржы сарапшысы қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектесіп, жеке ақыл-кеңестер берді. Жоба аясында шотына тыйым салынған, несиесі коллекторлық компанияға сатылған немесе несиесін қайта құрылымдау қажет жандарға білікті заң көмегі ұсынылды.

Қаржылық сауаттылықты арттыру курсына қатысқан қала тұрғыны, жеке кәсіпкер Ева Шешукова: «Мұндай оқытудың қарапайым адамдарға да, кәсіпкерлерге де пайдасы ұшан-теңіз. Мәселен, тапқан табысынан несиесінің мөлшері асып кететін адамдар аз емес. Осы себепті олар қарыздан-қарызға батып, қиын жағдайға тап болады. Оқыту барысында қаржы сарапшысы табысты қалай бөліп жұмсауды, қажетсіз шығындарды азайтуды үйретті. Өз басымда дәл қазіргі таңда несие жоқ, осы жолы қаржылық сауатымды арттыр-ғаннан кейін болашақта да несиеге жоламау туралы шешім қабылдадым. Қаржылық тұрғыдан сауатты болу үлкендерге де, жастарға да керек», – деді.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.