ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНДА ҚАРАЛДЫ 

2024 жылы 23 сәуір күні «AMANAT» партиясы Текелі қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. 
ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНДА ҚАРАЛДЫ 

Отырысқа қаланың автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат және атқарылып жатқан жұмыстары туралы талқылау үшін қалалның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Жумагалиев Ермек Нагашыбаевич, жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы, атап айтқанда учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмыстары туралы талқылау үшін учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Аубакиров Аскарбек Токанович шақыртылды.  

Отырыс барысында автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстары, қосымша орнату мүмкіндігі бар аялдамалар, бейнебақылау камералары, қоқыс жәшіктері туралы және т.б. мәселелер талқыланды. 

Партиялық бақылау комиссия мүшелері қала тұрғындарының көкейіндегі мәселелернге жауап алып, оңтайлы шешу жұмыстарын атқаруды бақылауға алатынын атап өтті.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.