Қазақстан делегациясының Ресей өңіріне «СОҒЫС ПЕН БЕЙБІТШІЛІК ЖОЛЫМЕН» атты халықаралық экспедициясы өз жұмысын бастады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан тарихын, мәдениеті мен әдебиетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған іс-шараға қазақ және ресей зиялы қауым өкілдері, ҚР Ресейдегі елшілігінің өкілдері, кітапханашылар қатысты.
Қазақстан делегациясының Ресей өңіріне «СОҒЫС ПЕН БЕЙБІТШІЛІК ЖОЛЫМЕН» атты халықаралық экспедициясы өз жұмысын бастады

Іс-сапардың ең алғашқы күні Ресейдің мемлекеттік кітапханасында ұлы ақын Абай, Жамбыл Жабаев және Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған халықаралықө көрме ашылды.
Көрмеде ресейлік және қазақстандық кітапханалардың сирек кездесетін және эксклюзивті басылымдары ұсынылады.
Дөңгелек үстел жұмысына Ресей Мемлекеттік кітапханасының директоры В.Дуда, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ү.Мұңалбаева, Ресей Жазушылар Одағының Басқарма Төрағасы Н.Иванов, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Б.Әлімжанов, екі елдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, бағдарламада ұлы ақындар Абай мен Пушкиннің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығы, Мәскеу шайқасының 80 жылдығы және Ржев түбіндегі шайқастардың басталуы аясында Мәскеу мен Мәскеу облысындағы жауынгерлердің жерленген жерлеріне бару жоспарланып отыр.
https://www.facebook.com/www.nabrk.kz
#Qazaqstan30

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.