Жақсылық – жан шуағы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қайырымды істер марафоны» атты қайырымдылық акциясы қаламызда жалғасын тапты.
Жақсылық – жан шуағы

Қайырымдылық жасау – біздің қоғамның ізгі құндылықтарының маңызды бір саласы.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын кең көлемде атап өтуде халық бірлігін арттырып, елді ұйыстыруға арналған ізгі жобаларға басымдық берілуде. Себебі, әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуде мемлекет, қоғам, бизнес өкілдері арасындағы әріптестікке артылар үміт зор.
Ішкі саясат бөлімінің үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қазақстан Волонтерлар лигасы» ҚҚ ұйымдастыруымен текелілік жалғызілікті қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үй шаруасында көмек көрсетіліп, азық-түлік жиынтықтары табысталды. Аталған шараға қала жастары, еріктілер белсенді атсалысты.
Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ

#Qazaqstan30

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.