Ұлы дала таңы

Көксу ауданына қарасты Алғабас ауылының тау бөктерінде белгілі кино режиссер Ақан Сатаев "Ұлы дала таңы" (Қасым хан) кино туындысын түсіруде.
Ұлы дала таңы

"Тарихи фильмдер түсіру мен үшін құрмет. Тарихты сахналау ұнайды. Өте ауқымды кастинг жариялап, Қасым хан рөліне актерлік қана емес, физикалық дайындығы жоғары Берік Айтжановты таңдадық. Жас Қасым ханды актер Данияр Оразаев сомдайды. Бұл оның ауқымды жобадағы алғашқы рөлі. Түсірілімдер ойдағыдай жүріп жатыр, жұмыстың жартысы аяқталды", – деді Ақан Сатаев.
«Ұлы дала таңы" – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кинотуынды. Фильм желтоқсан айында үлкен экранға жол тартады. Фильм оқиғалары XV ғасырдың 70-жылдарынан XVI ғасырдың 20-жылдарына дейінгі аралықты қамтиды. 1510 жылы Ұлытау шайқасында Қасым хан жеңіске жеткен соң оның ұлылығы, атақ-абыройы күллі Дешті Қыпшаққа тараған. Қазақстан аумағын батыста Еділге дейін, шығыста Ертіске дейін, оңтүстікте Сырдарияға дейін, Солтүстікте Тобылға дейін жеткізіп, өмірінің соңғы жылдары "Қасым ханның қасқа жолы" атты жаңа заңдар жинағын енгізген. Фильмде жекелеген баптары көрініс табады.
Алғабас ауылдық округінің 150 - ге жуық жергілікті тұрғыны мен 30 салт атты жігіттері аталмыш киноға түсуде.

#Qazaqstan30

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.