Қайырымдылық – асыл қасиет

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл ақпан айында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы басталған болатын.
 Қайырымдылық – асыл қасиет

Жоба ел тұрғындарын ізгілікке, мейірімділікке үндеп, қайырымды істер жасауға шақырдады.

Апта басында республикалық «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық акциясы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Халық» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен текелілік 22 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Азық-түлік жиынтықтарын жеткізуге қаламыздың ерікті жастары өз үлестерін қосты.

Ізгілікті жанына серік еткен жандар мұқтаж адамдарға көмек қолын созып, қамқорлық жасаудан қашпайды. Бір-бірімізге мейірімділік танытып, қажет болса, қайырымдылық жасау қоғамымыздың береке-бірлігін арттыра түседі. Әсіресе, эпидемия  ушығып тұрған қиын кезеңде өзара бауырмалдық танытып, қолдау көрсетудің жөні тіпті бөлек.                         

Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.