Алакөл ауданында өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жаңа кәсіпорын іске қосылды

Алакөл ауданында өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жаңа кәсіпорын іске қосылды

Алакөл ауданында өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жаңа кәсіпорын іске қосылды

Алакөл ауданының Екпінді ауылында «New Silver Central Asia Grain & Oil» ЖШС жаңа өндірістік кәсіпорны пайдалануға берілді.

Жобаға салынған инвестиция көлемі 61,3 млн теңгені құрады. Өндіріс компанияның өз қаражаты есебінен іске қосылды. Кәсіпорында 10 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Кәсіпорынның негізгі бағыты - өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу. Өндірістік қуаты айына 1 800 тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Нысанның Екпінді ауылында орналасуы аумақтың қолайлы логистикалық жағдайы және ауданның жоғары ауыл шаруашылығы әлеуетімен байланысты. Алдағы уақытта кәсіпорын жергілікті шаруа қожалықтарымен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Бұл ауыл шаруашылығы шикізатын тұрақты жеткізу жүйесін қалыптастыруға және өндірістік кооперацияны кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жаңа өндірістің іске қосылуы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға, жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға және жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыруға қосымша мүмкіндік береді.

«Біздің ауыл үшін жаңа кәсіпорынның ашылуының практикалық маңызы зор. Ең алдымен, бұл - жаңа жұмыс орындары және тұрғындарды жұмыспен қамтуға қосымша мүмкіндік. Сонымен қатар өндірістің іске қосылуы жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға және шаруа қожалықтарымен ынтымақтастық орнатуға жағдай жасайды. Осындай жобалар ауылдағы экономикалық белсенділікке оң әсер етіп, оның одан әрі дамуына негіз қалайды деп сенемін», - деді ауыл тұрғыны Ермек Майқынов.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.