Қоғамның талабына сай болу - бүгінгі басты міндет

«Төрткүл дүниені дүрліктірген індеттің салдарынан елімізде төтенше жағдай жарияланып, 6 сәуірден бастап мектеп оқушылары мен студенттер алғаш рет қашықтан оқытуға көшірілді.
Қоғамның талабына сай болу - бүгінгі басты міндет

Қашықтықтан оқыту бағдарламасының өмірімізге енгеніне біраз уақыт болса да, бұрын-соңды бұндай әдіс-тәсіл бізде қолданбағандықтан басында педагогтарға қиындық тудырғаны бар. Қандай қиын жағдай болса да, оқу, білім, ғылым, тәрбие, өнер бәрін де жеңбек!

 Әлем бойынша өршіген індет халық өміріне көп-теген кедергілер келтірді. Осы белең алған қиын жағдайға байланысты білім беру саласы өз мүмкіндіктерін дер кезде қолға алып қашықтықтан оқытуды ендірді. Оқушылар да, ұстаздар, ата-аналар қауымы да бұл жүйеге біраз төселіп қалды.

Білім және ғылым министрлігінің мұғалімдерге арналған нұсқаулығы, тиісті шараларының негізінде, сондай-ақ, жалпы республикалық, облыстық онлайн жиындар болып, жаңа форматты оқыту жүйесі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Қашықтықтан оқыту үшін Қазақстан білім алушылары мен білім берушілеріне «Kundelik.kz», «Daryn.online», Қазақстанда баламасы жоқ «BilimLand» ұлттық цифрлық білім беру платформасы, «Google Classroom» веб-сервистері арқылы оқу ұсынылды.

Осы орайда, мектептердің ұжымы өздерінің кәсіби шеберліктері мен тәжірибелерін шыңдай отырып оқытудың жаңа үлгісіне жауапкершілікпен қадам басты. Біздің мұғалімдер осы уақытқа дейін сабақ барысында түрлі электронды оқулықтар, цифрлық білім беру жүйелерін, kundelik.kz жүйесін, әр түрлі платформаларды қолданып келгендіктен, аса қиындық тудырмай тоқсанды аяқтады.

Жалпы білім беру бағдар-ламасы бойынша оқу жылын табысты аяқтаған оқушылар саны – 2926, оның ішінде 1268 үздік және 1658 оқу екпінділері. Білім сапасы – 66 % құрады.

Сонымен қатар мектеп бітірушілері де (155 түлек) қорытынды аттестаттауда жақсы нәтиже көрсетті. «Алтын белгі» игерлерінің саны – 26 (№1 ОМ – 1; №3 ОМ – 2, №4 ОМ – 8, №5 ОМ – 5, №8 ОМ – 10), «Үздік ат-тестат» – 11 ( №1 ОМ – 2, №5 ОМ – 4, №6 ОМ – 2, №8 ОМ – 3).

ҰБТ-ға өтініш берген 117 түлектің, 111-і қатысты. Мемлекеттік грантты 74 оқушы иеленді, бұл 67% құрады.

Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, ғылыми ізденіс пен зерттеу жұмыстарын өз еркімен меңгертуге, интеллектуалдық-шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында қалалық «Зерде » ғылыми жобасына 200 оқушысы қатысып, 185 жоба қорғалды. Байқау нәтижесінде 1-2-3 дәрежелі дипломмен 119 оқушы марапатталды. 33 оқушы облыстық кезеңге қатысып, 3-і республикада жүлделі орындар алды.

Қалалық «Дарын» ғылыми жоба байқауына 4 бағыт бойынша 109 оқушы қатысып, 73 оқушы 1,2,3 орынға ие болды. 19 оқушы облысқа жолдама алып, 12 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

2019-2020 жылғы жалпы білім беретін пән олимпиаданың қалалық кезеңіне барлығы 195 оқушы қатысып, жүлделі І орынды иеленген 25 оқушы облысқа жолдама алды. Нәтижесінде 20 оқушы жүлделі орын алды.

2020-2021 оқу жылы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға орай, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында әрбір білім беру ұйымында оқыту форматы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Қазіргі уақытта оқушылар саны – 4465, оның ішінде 5-11 сыныптардағы 2986 оқушы жаңа оқу жылында қашықтықтан оқыту түрінде білім алады.

Барлық мектепті қашықтан оқыту кезінде бастауыш 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша сыныпта 15 балаға дейінгі контингенті бар «кезекші сыныптар» ұйымдастырылады. Оқушыларды кезекші сыныпқа қабылдау ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініштері бойынша жүргізіледі. «Кезекші сыныптарда» оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар ғана жіберіледі.

Бастауыш деңгейдің 1-4 сыныптарының 1233 оқушысы кезекшілік сыныптарда оқиды.

Шағын орта мектептерінде №2 орта мектебінің оқушылары 85 оқушы, класс комплект (17), №7 орта мектепте – 161 оқушы штаттық режимде (20) ұйымдастырылды.

Білім беру мекемелері кең жолақты интернет желісіне 100 пайыз қосылған.

Жаңа оқу жылына мектептерге 338 ноутбуктер сатып алынады.

Былтыр №1, №5, №8 орта мектептерінде IT-cыныптар ашылса, биыл №3, 4 орта мектептерде IT-cыныптары ашылу жоспарлануда.

Білім беру ұйымдарында «BilimLаnd» білім беру платформасы порталдарына, «iTest» және «iMektep» - аудиовизуалды туынды – анимациялық фильм, ҰБТ-ға дайындық бағдарламасы бойынша виртуалды оқыту кешеніне қосылу жүзеге асырылып келеді.

Bilimland.kz компаниясымен 3120,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалынып, 2020-2021 оқу жылында «Online Mektep» контентімен қаланың барлық мектептері жұмыс істейді.

Текелі қаласындағы жалпы орта білім беретін мекемелерде барлығы 444 педагог мамандар жұмыс атқаруда. Олардың 95 жоғарғы санатты, 101-і бірінші санатты, 124-і – ІІ санатты болса, жаңа форматта аттестациялаудан өткен «педагог-модераторлар» – 66, «педагог-сарапшылар» – 72, «педагог-зерттеушілер» – 76, «шебер-педагог» – 2.

Шілде айының 27-нен бастап «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Қашықтықтан оқып үйренемін» атты stepik.org платформасына орналасқан онлайн курсына қала педагогтары да асинхронды форматта қатысып, өз білімдерін еселей түсті. Жаңалыққа жаны құмар ұстаздар қауымы курсты тез меңгеріп, 300-ден астам педагог сертификаттарға ие болды.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қысқа мерзімді біліктілік арттыру курсынан – 214 педагог өтті. Оның ішінде: қысқа мерзімді курстан – 165, жаңартылған бағдарлама бойынша – 59 педагог.

Педагогтар кәсіби біліктілігін шындай отырып әртүрлі байқауларда жақсы жетістіктерге де жетуде. Атап айтсақ:

Республикалық олимпиадада 2019 жылы қараша айында Тараз қала-
сында өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» олимпиадасына №5 ОМ КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абдраемова Айгеріммен бастауыш сынып мұғалімі Күнәйқызы Ләзат қатысып, ІІІ орын алды.

Облыстық «Табысты көшбасшы-2019» байқауында №4 б/б КММ меңгерушісі Калимбекова Жамиля Тураровна І орын жүлдегері атанды.

Облыстық «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі- 2020» байқауында №6 ОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Исмаилов Дамир Сағатбекович ІІІ орын иеленді.

Талдықорған қаласында өткен жас мамандар арасында АТК (КВН) өткізілді. Бұл жарысқа қаламыздан №5 ОМ КММ ұжымының  6 жас маман қатысып, ІІІ орын жеңімпаздары атанды.

«Педагогикалық тандем» облыстық әдістемелік жәрмеңкесінде №5 ОМ тарих пәнінің мұғалімі Ж. Жұмабаева мен оның тәлімгері қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі М. Қарабалаева 1 орын иеленді.

«Тәуелсіз Ел жастары» форумында №5 ОМ КММ математика пәнінің мұғалімі Қалдуақас Күлән «Үздік жас ұстаз-2019» төсбелгісімен марапатталды.

Облыстық «Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» үздік сабақтар фестивалінде ұстаздарымыз 6 жүлделі орын алды:

№2 б/б тәрбиешісі Сарсенбаева Б., І орын иеленді.

№6 ОМ мұғалімі Мукашева М., ІІ орын; №5 ОМ мұғалімі Даутова Д., ІІІ орын; №4 ОМ мұғалімі Айдаболова.А. мен Болатбекова А.- ІІ орын; №6 ОМ мұғалімі Биболова Н.С., ІІ орын;  №8 ОМ мұғалімі Еркінболат М., ІІ орын иегерлері атанды.

2020 жылы біздің қалалық «Алау» желілік қауымдастығы облыстық «Үздік педагогикалық қоғамдастық» байқауында 3 орынға ие болды. Бұл педагогикалық шеберлікті арттыру және әрі қарай жұмысқа уәждемелік көз-қарас тұрғысынан жұмыс істеу үшін үлкен ынта болды.

Қалалық кәсіби байқаулар І орын жүлдегерлері атанған «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2020ж» №8 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Кыстаубаева Раушан Абаевна, «Үздік тәрбиеші-2020» №1 б/б тәрбиешісі Бөрібекова Райхан Макеновн, «Жас маман-2020 жыл» қала жас ұстаздар арасында өткен байқауда №5 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Нурахмет Гүлім.

Абай атамыздың айтқанындай:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз,

Ғылым – сол үшеуінің жөнін білмек».

Ғылым – білімді сапалы деңгейде игергіміз келсе, ақыл, қайрат, жүректі мүмкіндігінше бірдей ұстау қажет. Яғни қашықтан оқыту кезінде интеллектуалды, эмоционалды, физикалық бағыттарды тайм-менеджмент арқылы өзіміздің, оқушылардың, тіптен ата-аналардың өміріне енгізсек, білім саласындағы белгіленген үлкен SMART мақсатқа бәріміз жете аламыз.

Ардақ Садырбековна Дукенова, Қалалық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы (қалалық онлайн тамыз кеңесінде оқылған баяндамадан үзінді)

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.