Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі

Өркениетке аяқ басқан қоғамның алға қойған негізгі мақсаты – мемлекеттің ұлттық діңгегі мен баянды келешегі жолында аянбай еңбек ету.
Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі

Ал келешегімізді жас ұрпақсыз елестету мүмкін емес. Жас жеткін-шектерді тәрбиелеу ісі балабақшадан басталатыны бүгінде баршаға аян.

Қазіргі білім беру үрдісі өзгерді, саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болып, алдымызға жаңа міндеттер қойылды. Осы міндеттердің бірі-білім берудің әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, жаңа инновациялық білім технологиясын меңгеру болып табылады.

Бүгінгі жас ұрпаққа білім мен тәрбиені жетілдірілген жаңа технология бойынша сіңіре білсек,балалардың жаңаша көзқарасы дамиды.

Біздің де балабақшамыздың оқу кабинеті, топтары «Воскобович» технологиясына байланысты жабдықталып оқу-тәрбие жұмыстары жүргізілуде. Тәрбиеші О.Вольных «Здорово быть здоровым» және Н.Каирманованың «Вместо весело играть» парциальдық авторлық бағдарламасы облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бекітіліп, тәжірибелері таратылды.

Балабақшаның материалдық-техникалық базасы бүгінгі күн талабына сай, балалардың жас ерекшелігіне қарай жаңартылып толықтырылуда. Экологиялық тәрбие жұмысына арнайы ашылған «Жаратылыстану» бөлмесі жұмыс жасайды. Онда балалар өз Ота-нының табиғатымен, мекендейтін жануарлар мен құстарды көріп танысады. Ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижелерін әртүрлі «Алтын күз», «Табиғат – ортақ үйіміз» көрмелерін көруге болады.

Спортзалда балалардың дұрыс дамуына жағдай жасалған. Салауатты өмір салтын насихаттау, олимпиада спортшыларын қолдау мақсатында «Кішкентай чемпиондар» жарысы жыл сайын өткізіледі. Туған өлкеге байланыс-ты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Биыл балабақшада «Жаңартылған білім беру мазмұны – болашақтағы сапалы білім кепілі» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарда тәрбиешілер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін, мерекелік бағдарламаларын ұсынды. Балаларға ұлттық салт-дәстүрлерді оқу іс-әрекеттерінде үйрете отырып, патриоттық тәрбие береді. Ата-аналармен «Толағай» отбасылық жарыстарына көп көңіл бөлінеді.

Елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты оқу үдерісін ұйымдас-
тырудың жаңа форма-сының бірі – қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы білім беру үдерісіне көштік. Әрине, бұл тәрбиешілер мен ата-аналар үшін қиындау болды. Бірақ іштегі қорқынышқа, сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам жасадық. Басты мақсат – мектепке барар бүлдіршіндердің оқу процесін толық меңгеруіне атсалысу, қалған тақырыптарды балаларға меңгерту болды.

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері Н.Каирманова, К.Ахметова сауат ашу негіздері, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру оқу қызметтерін қашықтықтан оқытты. Оқу үдерісі бекітілген оқу жүктемесіне, жоспарына сай өткізілді. Күн сайын тақырыпқа сәйкес бейне сабақтар, тапсырмалар жасалып, ватсап желісі арқылы балаларға беріліп отырды. Балалар бейнесабақты тамашалап, соңындағы тапсырмаларды орындап, кері байланыс орнатты. Тәрбиешілер тапсырмаларды тексеріп, пікір жазып, «Өте жақсы», «Жарайсың», «Дарындысың» және т.б сөздермен балаларды мақтап, мадақтап отырды. Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Қашықтықтан оқып үйренемін» атты stepik.org платформасында орналасқан онлайн курсына қала тәрбиешілері да синхронды форматта қатысып, өз білімдерін еселей түсті.

Бұл курстың мақсаты: педагогтарға қашықтықтан оқытуға әдістемелік қолдау көрсету және түрлі ғаламтор сервистерімен жұмыс жасауға үйрету болды. Жаңалыққа жаны құмар тәрбиешілер қауымы курсты тез меңгеріп, 5 педагогымыз сертификат алды.

Қорыта айтқанда, қашықтықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдас-тыруда ең бастысы электрондық материалдар, қашықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, тәрбиешілерді дайындау болып табылады. Сондықтан, қашықтан оқыту жүйесіне білек сыбана кіріскен білім саласындағы қызметкерлер мен әріптестеріме жаңа оқу жылында тек сәттілік және шығармашылық табыс тілеймін!

Ш.Дүйсебаева, №1 балабақша әдіскері

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.