Қашықтықтан оқытудың бүгінгі күнгі ерекшеліктері

Сонымен қатар,қашықтықтан оқу кезінде бірқатар қолайлы платформалармен жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, синхронды және асинхронды оқыту жүйесі енгізілді. Ұстаздар мен шәкірттер арасында қашықтықтан қарым-қатынас жүзеге асып, түрлі оқу тәжірибелері іске асуда. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгендей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас та назардан тыс қалмауда.
Қашықтықтан оқыту технологиясы – оқушы дайындау мен олардың біліктілігін әрі қарай тереңдете арттыру бағытындағы осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны орасан екені даусыз. Міне, осындай күрделі де қызықты, жауапкершілігі мол мамандық таңдап, әлемді мойындатқан уақытша қиын-қыстау кезеңде жалықпай, мойымай еңбектеніп жүрген білікті ұстаздардың еңбегі зор екені сөзсіз.
Маржан Ахметова, №1 ОМ бастауыш сынп мұғалімі