Қашықтықтан оқытудың тиімді тұстары

Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды әрбір қазақстандық сезінуі тиіс. Келешек ұрпаққа білім беру – бұл ел болашағы үшін аса жауапты іс екені бәріне мәлім. Елімізде жарияланған карантин талаптарына байланысты ЖК «Ержанов» жекеменшік балабақшасы да балаларды қабылдауын тоқтатқанымен, балабақша педагогтары қашықтықтан оқытуды бастап, талаптарды орындап отырды. Ересек «Вундеркиндчики» тобының тәрбиешілері Әбілденова Зарина Бағдатқызы мен Мельник Татьяна Николаевна қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру мақсатында, тәрбиеленушілер мен ата-аналар үшін тиімді деп тапқан You Tube, Zoom, Google интернет желілерін қолданып, балалармен WhatsApp желісі арқылы тығыз байланыста отырды.
Қашықтықтан оқытудың тиімді тұстары

Тәрбиеленушілермен тек қана бейнесабақтар ғана емес, ZOOM платформасын кеңінен қолдану арқылы да  әр-түрлі іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2020 жылдың 3 сәуір күні сағат 10.00-де «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?» атты тәрбиеленушілер және ата-аналармен бірлескен онлайн тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбиешілердің ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне балалар арасында қашықтықтан сурет көрмесін, 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерекесіне арналған «Мың тағзым Ұлы Жеңіске» атты челлендж және 12 сәуір  – Ғарышкерлер күніне ата аналар мен балалар бірлесе отырып, қолдан жасаған бұйымдарынан онлайн көрме ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, өз білімдерін жетілдіру мақсатымен балабақша педагогтары тәрбиешілерге арналған онлайн жүйесінде өтетін сан алуан олимпиада, семинар, конференцияларға да қатысып отырды. Осылайша әр педагог бір-бірімен тығыз байланыста бола компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз тәжірибе алмасуды іске асырды.

Сонымен қатар, тәрбие-ленушілеріміздің қызығу-шылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында бүлдіршіндеріміз қашықтықтан ұйымдастырылған байқауларға қатысып отырды. Соның бірі – «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының ағымдағы 2020 жылдың 27 сәуiрiнде мектепке дейiнгi ересек жастағы балаларға арналған «Ұлы даланың ұлы есiмдерi» атты жобалау қызметiнiң республикалық (сырттай) конкурсына тәрбиеленушіміз Марьенкова Милана (жетекшісі Мельник Татьяна Николаевна) қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Халықаралық «Пони» «Негетай» байқауына тәрбиеленушіміз Бектұрова Айсезім Талғатқызы (жетекшісі Үкубаева Бақыткүл Науқімбайқызы) қатысып, жеңімпаз атанып, медальға ие болды.

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланады да, балабақ-шамен тығыз байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Балабақша мен отбасы, ата-ана мен бала арасындағы достық, бауырмалдық қарым-қатынастардың қалыптасуына игі ықпалын туғызу мақсатында  Халық-аралық отбасы күніне  орай «Біз біргеміз» жобасы аясында «Өз өнеріңді көрсет» атты республикалық қа-шықтық байқауға «Иксановтар» және «Бектұровтар» отбасы қатысып, ерекше өнер көрсеткендері үшін жүлделі орындарға ие болды. Бұл қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуында отбасы мен балабақша рөлінің ерекше екендігін, ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысының рөлі өте үлкен және аса маңызды мәселе болып отырғандығын білдіреді.

«Халықаралық педагогтар мен зияткерлік балалар ғылымдары академия-сы» ұйымдастырған Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс» ІІІ халықаралық сурет, қолөнер және фотоколлаждар конкурсына  ересек тобының тәрбиеленушісі Пахомов Кирилл (жетекшісі Әбілденова Зарина Бағдатқызы), ортаңғы топ тәрбиеленушісі Нұрмұратов Ибрагим (жетекшісі Бектұрова Құралай Батырбекқызы), республикалық музыкалық бейне жарыс конкурсына Борисовская Мария (жетекшісі Есеркеева Анар Болатханқызы), «Көтереміз көңілді» республикалық музыкалық бейне байқауына ортаңғы топ тәрбиеленушісі Демократ Кәусар (жетекшісі Үкубаева Бақыткүь Науқімбайқызы) қатысып, І жүлделі орындарға ие болды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ғылым таппай мақтанба»  республикалық байқауының вокал номинациясы бойынша тәрбиеленушіміз Ақбай Ержан (жетекшісі Беқтұрова Құралай Батырбекқызы) І жүлделі орынды иеленіп, мақтау қағазына ие болды.

Қорыта келе, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы педагогтарымыз бен тәрбиеленушілеріміз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыс-тарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алады.    

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің түкпір-түкпіріндегі ұстаздардың жеке почтасына арнайы жолдаған хатында «Бірге болсақ, күшіміз бен мүмкіндіктеріміз де арта түспек. Қиын кезеңдер өтеді де кетеді, сынаққа сынбай, болашағына сенген жігері мықты адамдар ғана бәрін жеңеді!» – деп айтып өткендей, шыдамдылық, мейірімділік пен ұстанымдылықтың арқасында бірлесе отырып бұл індетті жеңіп шығатынымызға сенімдімін.

Құралай БектҰрова, ЖК «Ержанов» жекеменшік балабақшасының әдіскері

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.