Мұғалім жауапкершілігі еселенді жауапкершілігі

Өткен оқу жылының соңғы тоқсанында қашықтықтан оқытуға аз уақыт ішінде көшіп, оқушылар да, педагогтар да толық меңгеріп кетті десе де болады. Бұл жүйеге көшуде біз қазіргі заман талабы сындарлы оқыту бағдарламасын толық жүзеге асырдық деп ойлаймын. Әр оқушы өз пікірін айтып, жазып, өз ойларын толық жеткізеді. Мұндағы бір ерекшелік сыныпта көп ашыла бермейтін оқушылардың белсенділігі байқалады. Қашықтықтан оқыту тек оқушылардың емес, ата-аналардың да белсенділіктерін оятты, оған дәлел ретінде 2 сәуірде өткен жалпы ата-аналар жиналысын айтуға болады. Қашықтықтан оқыту ұстаз еңбегінің қиын екендігін, оқушы мен ата-анаға ұғындырып, ұстаздың мәртебесі жоғары екендігін дәлелдеді.
Мұғалім жауапкершілігі еселенді жауапкершілігі

Жаңа оқу жылының басталуы жақындаған сайын, әр мұғалім қашықта  отырған бала көңілін қызықтырып, пайдалы, нәтижелі сабақ өткіземін деген ойлар мазалауда. Бұл мәселе де оңтайлы шешілді. Шілде айының 27-нен бастап Текелі қаласының №4 ОМ мұғалімдері «Қашықтықтан оқып үйренемін» атты онлайн курсына асинхронды форматта  қатысып, өз білімдерін еселей түсті. Бұл курстың мақсаты: Мұғалімдерге қашықтықтан оқытуға әдістемелік қолдау көрсету және түрлі ғаламтор сервистерімен жұмыс істеуге үйрету болды. Онлайн-курс 5 модульден қызықты, тартымды, түсінуге оңай етіп құрылған. Әр модульде оқу ақпараттары және практикалық бөлімдер рет-ретімен берілген. Оқып-білген соң бекіту сұрақтарына оңай жауап беріп, өзіңді тексеруге мүмкіндік аласың. Жаңалыққа жаны құмар ұстаздар тез меңгеріп, сертификаттарға ие болды. Сонымен қатар, мұғалімдерге тиімді ресурстардың сілтемелері де берілген. АКТ-құралдарымен қалай қолжетімді жұмыс істеуге болады, мысалы ZOOM,  Micro-soft Teams,  Google Meet және басқа да халықаралық сервистермен тиімді жұмыс жасаудың жолдарын ұсынды. Саба-ғымыздың ең басты кейіпкері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратын, олардың назарын ұстап тұратын, өздік жұмысқа бағыттайтын түрлі стратегиялар бар. Тек мұғалім шебер қолдана білсе, ақылды шәкірттер қарап қалмас деген ойдамын. Мұғалімдердің шеберлік  орталығы даярлаған бұл онлайн – курсының  берері мол болды. Мұғалім әр кезде де халықтан көш ілгері жүру керек екенін дәлелдеді.

Қорыта келе айтарым, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, білімдерін онлайн жалғастыруға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алады.

Г.Матенбаева, №4 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 

 

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.