Робототехника – болашақ, бүгінгі бастама

Бүгінгі заман робототехниканың қарыштап дамыған кезеңі. Өйткені, барлық салада жаңаша көзқарас қалыптасып, тиімді технология қолданысқа еніп отыр. Қоғамды қайта құру үдерісінде білім беру жүйесін жаңартудың тиімді жолдары іздестіріліп, білім беру технологиясын жетілдіру жолдары жан-жақты зерттеліп, күн сайын жаңарып тәжірибеге енгізілуде.
Робототехника – болашақ, бүгінгі бастама

Балабақшадағы робототехника мектепке дейінгі мекемелер жұмысында жаңа бағыт болып табылады. Бұл тек құрастыру ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балалардың техникалық болжаудағы дағдыларын, мақсатқа жету үшін жұмысты құру қабілеті және ұжымда жұмыс істей алу іскерлігін дамытады.

Бұрыннан жобалау, құрастыру іс-әрекетінің болғаны белгілі, бірақ бұрынғы басымдықтар сындарлы ойлауға және ұсақ моториканы дамытуға бағытталса, енді жаңа талаптар бойынша заманауи тәсіл қажет. Осыған орай, 2020 оқу жылының қаңтар айынан бастап балабақшада робототехника кабинеті ашылды. Балалар тәрбиешілерімен бірге қосымша сабақтарда сол кабинетте құрастыру жұмыстарымен айналысады. Робототехниканың тағы бір тартымды, ұтымдылығы бір құрал-жабдықты барлық жас тобында қолдануға болады. Тек мақсаттары мен міндеттері ғана жас ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет. Балабақшада балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдай қарастырылған, 3 тәрбиеші «LEGO-құрастыру және робототехнология заманауи мектепке дейінгі білім беру ұйымы жағдайында балалардың дизайнерлік, ғылыми-зерттеу және шығармашылық-әрекеттерін дамыту құралы ретінде» атты оқу бағдарламасы курсынан өтті, балабақша әдіскері Қарағанды қаласында «POROT MUSE» санатындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелері арасында роботтық техника бойынша жарыстардың аймақтық төрешісі және тренері ретінде дайындықтан өтіп, сертификатқа ие болды.

Балабақшада робототехникадан басқа да әр түрлі технологиялар– «Йохокуб», «Воскобович», тақырыптарға сай «Лэпбук» кітапшалары кеңінен қолданылуда. Тәрбиешілер жаңа технологияларды сәтті қолданып қана қоймай, сонымен қатар ашық іс-шараларда, облыстық, қалалық семинарларда, және әдістемелік бірлестіктерде тәжірибелерімен бөліседі. Осы оқу жылында жаңартылған білім бағдарламасы бойынша балабақшалар арасында үздік тәжірибе тарату мақсатында қалалық семинар ұйымдастырылды. Семинарда тәрбиешілер робототехниканы қолданып, ашық оқу қызметін көрсетті.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жаңартылған білім беру бағдарламасына сай инновациялық технологияларды меңгеру және ұтымды әдіс-тәсілдерді еркін қолдана білу маңызды рөл атқарады.

«Баланы тәрбиешінің өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап дайындау керек», – дейді Мағжан Жұмабаев. Даналық ой бүгінгі күнгі білімді ұрпаққа қаратылып айтылғаны көрініп тұр. Өйткені, елдің ертеңгі тірегі – біздің тәрбиелеп отырған бүлдіршіндеріміз. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Отбасының да, бала-бақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол – заманталабына сай ұрпақ тәрбиелеу.

Осындай жұмысқа ұйытқы болып отырған балабақша қызметкерлерінің бөлісетін мақсаттар мен міндеттері ортақ.

Гүлшат ЖҮнисова, №4 балабақша әдіскері

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.