Бала тәрбиесі – болашақ жемісі

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету бағытында №2 бөбек-жайбалабақшада ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамту жыл сайын сан жағынан да, сапа жағынан да салмақтана түсуде.
Бала тәрбиесі – болашақ жемісі

Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелі, тәртіпті, өнерлі етіп, жеке тұлға ретінде тәрбиелеу ерте жастан басталады. Баланың білім алуы, дамуы, белсенді, азаматтық ұстанымы жоғары, ұлттық және адамгершілігі мол тұлға ретінде қалыптасуы үшін балабақшада барлық жағдай жасалған.

Бала – ең керемет психолог. Оны алдау немесе робот секілді дегеніңе көндіру мүмкін емес. Отбасында ата-анасының мейір-шапағатына бөленіп өскен бала балабақшада тәрбиешіге, достарына тез үйреніп, ортаға жылдам сіңісіп кетеді. Тәрбиешілер бүлдіршіндердің әрқайсысының мінез-құлқы, танымы, қабілеті мен қабылдау ерек-шеліктеріне орай сабақ өткізудің әдіс-тәсілдерін жүйелейді. Қазіргі уақытта баланың білім көкжиегін кеңейтуге арналған неше алуан заманауи құрал-жабдықтар бар. Оның барлығын игеру, ұстап көру, қолдану мүмкін емес және қажеті де жоқ. Біз баланың
жан-дүниесін кәсібилікпен зерделей келе, оның дамуына, жан-жақты болып жетілуіне жол ашатын технологияны таңдаймыз. Бала бір нәрсені қызығушылықпен қабылдаса, оның пайдасы тиеді. Сондықтан да, бөбекжай-балабақша-дағы әр құрылғы, әр технологияның маңызына терең мән береміз.

Қазіргі таңда Stem технологиясы кеңінен қолданыс табуда. Қазақстан дамыған елдер қатарынан көріну мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытына бетбұрыс жасап келеді. Балалардың техникалық болжаудағы дағдыларын арттыру, құрылымды зерттей білу қабілеттерін дамытуда заманауи конструкторлар және 3D модельдеу тұтқалары кеңінен қолданылуда.

Балалар мектепке дейінгі шақта жаратылысынан көріп-білуге, тануға құмар нағыз зерттеуші болып келеді. Оларға эксперимент жасауға талпыныс, білімқұмарлыққа және мәселелі жағдаяттарды өз бетінше шешуге ықылас таныту тән. Осыған орай «Ойна және дамы» интерактивті кешені балаларға зерттеу-танымдық, эксперименттік іс-әрекеттерді, белгісіз зерттеулерге талпынысын ынталандыруды қамта-масыз етеді.

Балаларға қоршаған ортаны танып-білуге, табиғатты, жыл мезгілдерін, пішіндерді, түс реңктерін зерттеуге, логика мен есте сақтауды жаттықтыруда интерактивті құмсалғышты қолдану оң нәтиже беруде. Балалар құмды қозғалту арқылы түрлі бейнелер сипаттап салып, салған сюжетті айтып береді. Қиялы, сезімталдығы, сөздік қоры, ойлау процесі дамиды.

Психолог кабинетінде «Ақылды айна» жабдығы орнатылды. Бұл жабдық балалардың сөйлеу ақауларының алдын алуға және түзетуге арналған, себебі соңғы уақытта балабақшада сөйлеу тілі дамуы тежелген және жалпы сөйлеу бұзылыстары бар балалар саны артып келеді. ArtikMe ақылды айна арқылы бала өзінің айнадағы бейнесін көріп, сонымен қатар артикуляция, дыбыс жаттығуларын орындауға, дыбыстарды дұрыс айтуға және тыныс алуын бақылауға көмектесетін сиқырлы кейіпкерлермен бірге ертегі әлеміне саяхаттайды.

Жоғарыда аталған заманауи технологиялар, интерактивті кешендерді қолдану нәтиже-сінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде білім беру сапасы арта түсіп, балабақша тәрбиеленушілері халықаралық «Пони», республикалық «Әжем, анам және мен», «Жас зерттеуші» байқауларының жеңімпаздары атанды. Бүгінгі өскелең ұрпақ ертең еліміздің тұтқасы болуға лайық азамат болып қалыптасуы үшін ба-лабақшадағы тәрбиенің маңызын түсіне отырып, заманауи жетістіктердің жемісін ұлттық тәрбиемен үйлестіре бүлдіршін бойына сіңіру – біздің абыройлы міндетіміз.

Жанна БОТАНТАЕВА, №2 бөбекжай-балабақшаның қазақ тілі мұғалімі

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.