Отаным – шексіз байлығым

​Тәуелсіздік күні қарсаңында Балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығында мектеп оқушылары арасында «Өлкетану сағаты: кіші Отанның үлкен ашулары» атты қалалық өлкетанушылар конкурсы ұйымдастырылды.
Отаным – шексіз байлығым

Ұл-қыздардың туған өлкені сүюге, қыр-сырын танып-білуге, туған жер төсінде саяхаттауға қызығушылықтарын оятып, экологиялық тәрбиеге маңыз берген конкурс қатысушылардың жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлініп өткізілді. Білімді де зерек шәкірттер тақырыпқа сай сан алуан сұрақтарға жауап берді, этнографиялық туризм бойынша таңдалған бағыт негізінде картографиялық бейнелеу машығын көрсетті, «Ұмытылмас жәдігер» кезеңінде ұлттық салт-дәстүрден хабар беретін қолөнер бұйымдарын ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен жасөспірімдер тобында №4 орта мектебі 1-орын, №1 орта мектебі 2-орын, №8 орта мектебі 3-орын иеленсе, балалар тобында №1 орта мектебі 1-орын, №8 орта мектебі 2- орын, №6 орта мектебі 3-орынға лайық деп танылды. Барлық қатысушыларға кітап тарту етілді, жүлдегерлер грамота және кубокпен марапатталды.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.