Азия ойындарына жолдама

Текелілік шахматшы Серік Маклушов биыл Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына жолдама алды.
Азия ойындарына жолдама

10-18 наурыз аралығында Семей қаласында өткен шахматтан тірек-қимыл аппараты және көру мүшелері зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында ол 1-орын иеленіп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің арнайы дипломымен марапатталды. Бұған дейін республикалық, халықаралық шахмат бәсекелерінде бірнеше мәрте жүлдегер атанған С.Маклушов қазір түбегейлі дайындық үстінде.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.