Жүлдемен оралды

8-11 қазан күндері Нүкүс (Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан Республикасы) қаласында ММА бойынша өткен Орталық Азия чемпионатында жерлесіміз Жақсыбек Аймаханов қола медаль иеленді.
Жүлдемен оралды

Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Әзербайжан спортшылары қатысқан халықаралық жарыста ел намысын қорғаған 17 спортшының 12-сі әртүрлі номинациялар бойынша жүлделерге ие болды. Солардың бірі Ж.Аймаханов 77 келі салмақта сынға түсіп, қола медаль тақты. 

MMA – аралас жекпе-жек өнері. Жауынгерлік сайыс деп те аталады. Ол жекпе-жектердің әртүрлі стильдерімен ерекшеленеді. Атап айтқанда, жиі әр түрлі сценарийлерден тұрады. Дәл және сұрапыл соққы жасау да, соққыдан тиімді қорғана білу де осы спортта бірдей бағаланады.

Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.