Мықты денсаулық үшін

Рудничный ауылындағы №7 орта мектебінде адамның рухани адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға арналған «Балалықтың бал шағы» тақырыбында волейболдан турнир өтті. Оқушылар мен мұғалімдердің белсенді қатысуымен өткен жарыс барлық санитарлық қауіпсіздік шараларына сай ұйымдастырылды.
Мықты денсаулық үшін

Жарысқа үш команда қатысып, 1 орынды «Жалын» командасы иеленді. Сонымен қатар «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша 10 «А» сынып оқушысы Аманбаев Еламан мен 9 «А» сынып оқушысы Асмаковия Руслан марапатталды. «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша  директордың міндетін атқарушы Комелькова Виктория Викторовна, «Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша – тарих пәнінің мұғалімі Оршан Айдос, «Үздік шабуылдаушы» номинациясы бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Санақпаев Дастан мен Берікұлы Думан, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айтқазин Медет марапатталды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.