Ақ қардағы көңілді серуен

Қаланың шығыс-солтүстістік тау бөктерінде «Ақшақар» қысқы бұқаралық серуен, мәдени-спорттық шарасы өтті.
Ақ қардағы көңілді серуен

Биыл еліміз өз тарихындағы ұлы тұлғалар мен маңызды оқиғаларды атап өтеді, сондай-ақ, 2020 жылы – Еріктілер (Волонтер) жылы. Демек, өткенімізге үңіліп, халқымыздың асыл перзенттерін ұлықтау, олардың игі армандарын іске асыруға күш салу елдігімізді еңселі ете түсетіні сөзсіз. Әсіресе, жастар ізгі дәстүрлерімізге, жасампаз еңбекке ұмтылып, Еріктілер жылы аясында жастық жігерін тасқындатып, ел игілігін еселеуге мол мүмкіндік алып отыр. Атқарылатын іс-шараларды тағылымды тәрбие, елшілдік рух, ұлттық болмыспен әспеттеп, береке-бірлікпен болашаққа нық қадам басу абыройлы міндет. Осыған маңыз берген қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы көпшілікті мерекемен құттықтап, салауатты  өмір салтын ұстануға, бос уақытта бұқаралық спортпен айналысуға шақырды. 

Табиғат аясы, тұнық ауа, ақ қар көпшілікті өзіне баурап, сергек көңіл күй сыйлады. Балалар биіктен сырғанақ теуіп, мәз-мейрам болды.

Шара барысында шаңғы тебу, гір тасын көтеру, қол күресі, шағын футболдан жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.