Алматы облысында еріктілер саны 7 мыңға жетті
Общество   24.06.2021   634
Алматы облысында биылғы жылдың басынан бері еріктілер ұйымдарының саны көбейіп, бүгінгі күні 95-ке, ал тіркелген еріктілер саны 7 мыңға жеткен. Сол сияқты жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі 2 есеге артып, 2021 жылы 76 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында Волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасының орындалуы туралы сөйлеген сөзінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кеңес отырысы өтті
Год волонтера   25.12.2020   15428
23 желтоқсанда Текелі қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына Алматы облысы жастар саясаты мәселесі басқармасының басшысы Сапаров Елдар Қайсарұлы қатысып, жыл қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстармен танысты.
Жақсылық – ізгіліктен
Год волонтера   27.11.2020   15788
Адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы – жақсылық. Жақсылық тіршілігіміздің тұтқасы іспетті. Адам баласы дүниеге келгеннен кейін айналасындағылардан тәлім-тәрбиесі, әсері арқылы сана-сезімі қалыптасып, сана сарабынан өткізеді. Ақ пен қараны ажыратып, жақсылықтың, жамандықтың не екенін ұғына бастайды. Анығында, адам жаны жақсылыққа құмар, оны іздеп тұрады, өзіне де, өзгеге де тілейді.
Өз өмірің – өз қолыңда
Общество   07.08.2020   419
Қаламыздың ерікті жастары карантин режимін қатаң сақтау шараларын қамтамасыз ету мақсатында қала тұрғындарына ақпараттық үнпарақшалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тазалық таразысы
Общество   12.06.2020   502
Сәрсенбіде отансүйгіш жігерлі жастар, «Жасыл ел» жасағының сарбаздары, еріктілер, сондай-ақ, қоғамдық қызметкерлер «Таза сәрсенбі» тазалық акциясына белсене қатысты.
Бір жасыңыз құтты болсын!
Общество   20.03.2020   639
Қалалық кітапхана қызметкерлері мен №5 орта мектебінің еріктілері бірлесіп «Сізді құшақтауға рұқсат па?» акциясын өткізді.
Елжандылық қарапайым құндылықтардан басталады
Год волонтера   28.02.2020   16934
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Еріктілік – ел үшін, қоғам үшін адал қызмет. Ол халқымыздың өмір салтына айналуы керек. Еріктілердің бойындағы қайрат-жігер әр азаматты ынталандыруы тиіс. Ғұлама Абай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» баршамызға өсиет қалдырды. Волонтер болу – жүректің ісі, яғни, шынайы ниеттің көрінісі» деп Волонтерлер жылының мән-маңызын айқындап берді.
Ақ қардағы көңілді серуен
Спорт и туризм   31.01.2020   3602
Қаланың шығыс-солтүстістік тау бөктерінде «Ақшақар» қысқы бұқаралық серуен, мәдени-спорттық шарасы өтті.
Жастық жалынды жарқыратқан еріктілер
Год волонтера   17.01.2020   16757
Осы аптада Талдықорғандағы «Жастар» сарайында өткен Жетісу жеріндегі еріктілер жылының ашылуына арналған салтанатты жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, танымал спорт және өнер саласының өкілдері қатысып, жастардың жалынды жігері мен ақыл-парасаты ел игілігін еселей түсетіндігіне сенім білдірді.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.